Математика ашық сабақ
Тақырыбы: Фигура құрастыру және оны бөліктерге бөлу
Мақсаты: 1) Оқушылардың ондықтарды қосу, азайтудан алған білімдерін толықтыра отырып, фигура құрастыру және бөліктерге бөлу туралы түсінік беру.
2) Түрлі мақсаттағы тапсырмаларды орындай отырып математикалық ойлау қабілеттерін арттыру, пәнге деген қызығушылықтарын ояту.
3) Оқушыларды білімпаздыққа, шапшаңдық пен тапқырлыққа баулу. Ізденімпаздық пен өздігінен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Типі: Жаңа материалды игерту
Түрі: дәстүрлі
Әдісі: түсіндіру, ой қозғау, сұрақ - жауап
Көрнекілігі: Белсенді тақта, слайдтар, логикалық есептер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Үй тапсырмасын тексеру, бағалау
б) Өткен сабақты бекіту
Жаңа сабақ
1. Психологиялық дайындық!
І слайд: Менің көңіл - күйім қандай?
Өте жақсы, Жақсы, Орташа.
ІІ слайд: Жұмбақ шешу:
Қар кетіп, қыр көгерді
Жерге диқан дән сеуіп
Қорадан жас төл өрді.(Көктем)
2. Ой шақыру: Балалар сүйінші деген не? Ол қай кезде сұралады?
ІІІ слайд: Көктем суреті Балалар, көктем бізден құстар келді деп сүйінші сұрай келіпті. Көктемде ең бірінші келетін құсты білеміз бе?
Ол - қараторғай.
ІҮ слайд: қараторғай суреті Ол бізге өзімен бірге тапсырмасын ала келіпті, яғни №1мысал
Көктем басталысымен адамдар үй тұрғыза бастайды. Бізде қараторғай тапсырмасына сәйкес үй тұрғыза отырып, мысалдар шығарайық.
70+20=90
70+0=70
0+70=70
7+2=9
7+0=7
0+7=7
90 - 20=70
90 - 0=90
90 - 90=0
9 - 2=7
9 - 9=0
9 - 0=9
3. Үй қандай фигуралардан құрастырылған?
Тіктөртбұрыш, шаршы, үшбұрыш
№2 Тырналардың тапсырмасы:
5 слайд: Тырналар суреті
Сергіту сәті:
Ойын: Тез, бірақ қателеспе! әр қатарға логикалық есептер шығарту.
І қатарға: Менің туған күнімде,