Алматы қаласы, №27 гимназияның
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Терликбаева М. Ж.
Қазақ тілі 7 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин әңгімелері
Сабақтың мақсаты: Ыбырай әңгімелерінің мазмұнымен танысады, тақырыптары мен идеясын ашады. Етіс түрлерін меңгереді.
Міндеті:
1. Мазмұнға байланысты міндет: әңгімелердің мазмұнымен таныса отырып, әңгімелерді тақырыптарына қарай топтайды, мәтін мазмұнын өмірмен байланыстырады;
Етістіктерді тауып, етіс түрлеріне ажыратады;
2. Сыни ойлауды дамытуға байланысты міндет: оқушылар ой талқысына түсе отырып, өзара пікір алмасады, іс - әрекеттерін талдайды;
3. Топтық міндет: оқушылар өз ойларын қорғай білуге үйренеді, бір - бірін тыңдайды, толықтыру арқылы мәтін мазмұнының түсініксіз жерлерін айқындайды.
Сабақтың түрі: жаңа оқу материалдарын оқып - үйрену сабағы
Сабақтың әдісі: бір айналым сөйлесу , үш жақты күнделік , ₺Бес тармақты жол₺
топтастыру , еркін жазу стратегиялары.
Сабақтың көрнекілігі: Ыбырай әңгімелерінің тақырыптарына байланысты суреттер жиынтығы, сызба – кесте, презентация.
Бағалау: ойды еркін жеткізе айта білу қабілеттерімен бағаланады
Сабақ барысы I Ұйымдастыру
1. Сабаққа психологиялық дайындық.
2. Кезекшімен сөйлесу.
3. Күн ретін сұрап, жазғызу
4. Сабақтың мақсатын айту.
- ХІХ ғасырдың 2 - жартысы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген әдебиет өкілі Ы. Алтынсариннің шығармалары бойынша алған білімдеріңді сарапқа салып, әңгімелерін талдау жасағанда өз ойларыңды ашық айта біліңдер, қойылған сұрақтарға толық жауап беріп, сабақта еркін отырыңдар
I. Қызығушылығын ояту. Оқушыларды III топқа бөлу.
Ой ашар : - Өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық?
- Ы. Алтынсарин өлеңдерінен үзінділер жаттау. Ы. Алтынсарин өмірі, ағартушылық қызметі.
- Өздеріңіздің білетіндеріңізді қағаз бетіне түсіре қойыңыздар.
(Оқушылар білетіндерін топтасып жазады, әр топтан бір - екі оқушы қорғайды.
- Етіс түрлерін қайталау
Қос тіл – қос қанатың (сөйлемдерді орыс тілінен қазақ тіліне аудару).
1. Ыбырай 48 жыл (жил).
2. (Талантливый педагог) балаларға мектеп ашып, Қазақ хрестоматиясы мен Қазақтарға орыс тілін оқыту құралы деген екі кітап (написал и опубликовал).
3. Алтынсарин балаларды (к честности, труду, знаниям) шақырды.
4. Қостанай қаласында оған (поставили памятник).
5. Ы. Алтынсаринді қазақ халқы (высоко ценит).
ІІ. Мағынаны ажырату
Жаңа сөздер:
ӘДЕПТІЛІК - вежливость
ЖЕҢІЛДЕТЕЙІН - облегчу
БЕЙШАРА - несчастный
САБЫР - спокойствие
ИІЛУ - склонятся
ҚИСЫҚ - криво
ТАҚСЫР - господин
БАҒУ - ҚАҒУ, КҮТУ - ухаживать
1) Ы. Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы. Бүкіл өмірін қазақ балаларын оқытуға арнаған. Сол мақсатпен алғаш рет балаларға арнап мектеп ашып, оқулық жазған. Ағартушы оқулықты жазудағы мақсатын хрестоматияның алғы сөзінде: Бұл кітапты құрастырғанда мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс - қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қатар, жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім... деп тұжырымдаған. Өйткені хрестоматияға Ыбырай өзінің педагогтық мақсатына лайықтай жазған тәрбиелік мәні жоғары көптеген шағын әңгімелерін, өлеңдері мен ауыз әдебиеті үлгілерін, сондай – ақ, орыс педагогтері мен айтулы орыс қаламгерлерінен аударған шығармаларды енгізген болатын. Бұл шығармалардың тақырыптық – идеялық мазмұнынан біз Ыбырайды ұстаз - тәрбиеші ретінде алдына мақсат етіп қойған адамгершілік мәселелерін көреміз.
2) - Балалар бүгін осы алған білімдерімізді толықтыру мақсатында Ыбырай әңгімелерінің тақырыптарымен, яғни әңгімелерімен танысамыз.
Алдымен әңгіме дегеніміз не?
- Әңгіме – адам өмірінің бір сәтін бейнелейтін сюжеті бар шығарма.
Ыбырай Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы, әңгіме жанрының негізін салушы. Шығармалары қысқа мазмұнға құрылады. Аз сөзге көп мағына сыйғызу, мақал - мәтел қолдану, әр әңгіменің тәлім - тәрбиелік мәніне ерекше көңіл бөлу – Ыбырай шығармаларының ерекшелігі деп айтуға болады.
3) Ыбырай шығармаларының тақырыптарын анықтау үшін қазір сіздерге суреттер, сөздер таратамын. Сол суреттер қандай тақырыптарға арнап салынған, соны топ болып қорғайсыздар.
(III топқа оқу - білім, өнер, адамгершілік тақырыптарына байланысты 1 - топқа - суреттер, 2 - топқа - сөздер - Ыбырай шығармалары неге үйретеді? - сөздер беріледі, оқушылардан сұралады) 3 - топқа - Ыбырайдың әңгімелері: “Қыпшақ Сейітқұл”, “Киіз үй мен ағаш үй”, “Таза бұлақ”, “Бай баласы мен жарлы баласы”, “Атымтай Жомарт”, “Асыл шөп”, аударма сипатты әңгімелері “Бір уыс мақта”, “Салақтық”, “Бақша ағаштары”, өлеңдері: “Кел, балалар, оқылық!”, “Бұл кім?”, “Өзен”,”Жаз”, “Балқожа Бидің баласына жазған хаты”, “Өнер - білім бар жұрттар”.
Ыбырай әңгімелерінің тақырыптары:
Еңбекке баулитын шығармалар
Өнер - білімді үлгі етуге арналған шығармалар
Адамгершілікке тәрбиелейтін шығармалар
(кесте арқылы түсіндіріледі)
3) Балалар, бүгінгі тақырыпты толығырақ түсіну үшін әр топ оқушылары берілген мәтін мазмұндары бойынша кесте толтырамыз. Алдымен мәтін мазмұнымен танысыңыздар.
1 - топ - Әдептілік
2 - топ Асыл шөп
3 - топ Бақша ағаштары
III. Ой толғаныс
7) - Балалар, сонымен бүгін не үйрендік, не білдік?
- Ыбырай әңгімелері туралы білетіндерімізді бір - бір сөйлеммен қорытындылайықшы.
8) Бір айналым сөйлесу стратегиясы
- Ыбырай – балалар әдебиетінің атасы, әңгіме жанрының негізін салушы. (Оқушылар жалғастырады)
IV Оқушылар бағаланады
V. Үйге тапсырма беру:
1. Ыбырай Әдептілік әңгімелерінің мазмұнын білу, тәрбиелік мәніне көңіл бөлу;
2. Ы. Алтынсарин шығармалары - тәрбие көзі тақырыбына эссе жазу