Мұқағали МақатаевӘбілмәжін ЖумабаевқаЖүр едім айыға алмай көптен бері, Қандай күш айықтырып кеткен мені

Скачать

Мұқағали Мақатаев

Әбілмәжін Жумабаевқа
Жүр едім айыға алмай көптен бері,
Қандай күш айықтырып кеткен мені?!
Жаураған жауқазын ем бөктердегі,
Жып - жылы қайдан соқты көктем лебі?!
Ұмыт боп ұнатқаным, жек көргенім,
Қауіппен күн мен түнді өткергемін...
Бұзаудын, тіліндей - ақ ала қағаз,
Ағадан ұшып жеткен кептер ме едің?!
Оңалмай жүргенімде ісім көптен,
Шағымда сағым сынып, күшім кеткен,
Ағаның қарлығашы інісіне
Ақ қанат періште боп ұшып жеткен.
Ағажан, жылы сөзің - дәрі маған.
(Дәрігердің шипасы дарымаған!)
Ағажан, жан екенсің жаның адал!
Ит екем ақ - қараны танымаған...
Жақсы менен жаманның арасында,
Жаным менің жәй таппай таласуда...
Ағажан, Бәрінен де айық! депсің,
Айығамын, ағажан, нанасың ба?..

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2


Скачать


zharar.kz