Әуелде неге жараттың, Көпсінсең мені көк пен жер

Скачать

Мұқағали Мақатаев

Санаулы менің сағатым,
Санаулы менің күн, айым.
Асығам қалмай тағатым,
Асықпай қайтіп шыдайын.
Шау тарта жаным бастады - ау,
Айларды қуып жылдарым,
Айтылмай қалса масқара - ау,
Ашылмай жүрген сырларым.
Күні ертең өліп кетердей,
Жастыққа қорқа бас қойдым.
Өмірім босқа кетер ме ей,
Өруін таппай таспа ойдың?!
Күндер - ау, күндер, көктемдер,
Қасымнан менің кетпеңдер?!
Әуелде неге жараттың,
Көпсінсең мені көк пен жер?!

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2


Скачать


zharar.kz