Сынып: 2
Өткізілген жері: Спорт зал
Құрал - жабдықтар: секундомер, сықырғыш, гимнастикалық құрал жабдықтар.
Сабақтың тақырыбы: Гимнастика.
Сабақтың тапсырмалары: 1. Тепе - теңдік жаттығуларын үйрену.
2. Үлкен ағаш атқа жүгіріп келіп, екі тізеге таянып тұру.
3. Қозғалмалы ойындар.
Сабақтың мақсаты: Иілгіштікті, пластикалық қозғалысты және әр - түрлі акробатикалық қимыл қозғалыстарды дұрыс дамыту.
Мазмұны ------------------------------------------------ Мөлшері уақыты -------------- Әдістемелік нұсқаулар
Дайындық бөлімі
1. Сапқа тұрғызу. Рапорт беру
Амандасу
Тізім бойынша тексеру
Сабақтың тақырыбын түсіндіру
2. Саптық жаттығулар
- сапқа тұру, бұрылулар, саптық адымдар.
- бір қатардан екі қатарға тұру.
3. Жүру.
- Аяқтың ұшымен қол жоғарыда.
- Қол желкеде, өкшемен жүру.
- қол белде табанның сыртымен жүру.
- қол белде табанның ішімен жүру.
- қол белде аяқты қайыншылап жүру.
4. Жүгіру.
- тізені көтере жүгіру.
- өкшені артқа көтере жүгіру.
- сол жақ иықтан секіре жүгіру.
- оң жақ иықтан секіре жүгіру.
- қол белде тік аяқты алға сермеп жүгіру
- қол желкеде тік аяқты артқа сермеп жүгіру.
5. Жүрудегі Ж. Д. Ж.
- Б. қ. оң қол жоғарыда, әр адым сайын қолды ауыстырып отырамыз.
- Б. қ. қол кеуде алдында, қолды шынтақтан артқа тарту және жаза тарту.
- Б. қ. қол иықта, қолды иықтан алдыға артқа айналдыру.
- Б. қ. қол белде, 1 - алға еңкею сол аяқты өкшеден қою. 2 – қол белде артқа шалқаю. 3 - 4 д. с. оң жаққа.
6. Ж. Д. Ж. орнында.
Б. қ. қол белде басты 4 рет сол жаққа айналдыру, 4 рет оң жаққа айналдыру.
1. Б. қ. сол қол белде, оң қол жоғарыда, аяқ иық көлемінде.
1 - 2 сол жаққа еңкею, 3 - 4 оң жаққа д. с.
2. Б. қ. аяқ иық көлемінен алшақ қол белде.
1 - сол аяққа еңкейеміз, 2 - ортаға еңкею, 3 - оң аяққа еңкею, 4 - бастапқы қалып.
3. Б. қ. қол белде аяқ иық көлемінде. 1 - қол жоғарыда, 2 - алға еңкею, 3 - қол алдыда отыру, 4 - б. қ.
4. Сол аяқ алдыда оң аяқ артта қол тізеде. 1 - 2 - 3 – сол аяққа қарай отыру, 4 - секіріп аяқты ауыстыру.