Көбейту кестелерін ауызша сұрау

Скачать

Математика
Сабақтың тақырыбы: 7 - ге көбейту және бөлу
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Оқушыларға 7 - ге көбейту және бөлуге байланысты есептеулерді меңгерту. Кестелік көбейту және бөлуге байланысты білімдерін толықтыру.
2. Дамытушылығы: Танымдық қабілеттерін, зейінін, логикалық ойлауын, есте сақтауын, ой өрісін, есептеу дағдыларын дамыту.
3. Тәрбиелігі: Нақтылыққа, жылдам ойлауға баулу. Математикалық сауаттылығын арттыру. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Түрі: қайталау сабақ.
Әдісі: сұрақ - жауап, талдау, ойын түрі, ауызша есептеу.
Көрнекілігі: интеративті тақта, сызба, кесте, оқулық.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.
А) № 10. 129 - бет. Оқушылар кезекпен оқып, тексереді.
- Қалдық әрқашанда неден кем болады?
- 2 - ге қалдықсыз бөлінетін сандар қандай сандар деп аталады?
- 2 - ге бөлгенде нәтижеде қалдық шығатын сандар қандай сандар деп аталады?

ІІІ. Өткенді қайталау.
1. Көбейту кестелерін ауызша сұрау.
2. Сұрақ - жауап.
- Көбейтудің компоненттерін ата.
- Бөлудің компоненттерін ата.
- Кез келген сан мен 1 - дің көбейтіндісінің мәні неге тең болады?
- Кез келген сан мен о - дің көбейтіндісінің мәні неге тең?
- Натурал санды өзіне - өзін бөлгенде не шығады?


Скачать


zharar.kz