Бір адамға алдансаң, бүкіл әлем алдамшы көрінеді.
Алдымен өлшеп ал, сосын кес, айтпас бұрын ойлан, сосын сөйле, алдымен түсініп ал, содан соң әрекет ет.
Менің алдыма түспе – ілесе алмай қалуым ықтимал. Соңыма түспе – бөтен жаққа бастап кетуім мүмкін. Қасымда жүр – жан жолдасым бол!
Ескекті қолдана алмасаңыз, қайықты ауыстырудың қажеті жоқ.
Әйелге не берсең де, ол саған одан да көп етіп қайтарады. Өзіңді берсең ол – сәби сыйлайды. Оған арнап үй салсаң - ол оны жылумен толтырады. Оған күлкіңді сыйласаң - ол өз жүрегін сыйлайды.
Бәрін бұзуға бір секунд жетіп жатыр, ал қалпына келтіру үшін бүкіл ғұмырың жетпеуі мүмкін. Сондықтан айтар сөзіңді ой елегінен өткізіп барып айтқан жөн.
Дереккөзі: Әлеуметтік желіден алынды
Дайындаған: Асыл