Информатика 5 сынып
Тақырыбы: Пернетақта.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: а) Топтық
Пайдаланылатын жаңа технология: Венн диаграммасы, АКТ
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды пернетақтаның атқаратын қызметімен толықтай таныстыру
А) Білімділік: Оқушыларға пернетақтаның әр бір батырмаларының міндетін түсіндіру
Б) Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген ой - өрісін жоғары деңгейде дамыту
В) Тәрбиелік: Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын жан - жақты тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: оқулық, компьютер, жұмыс дәптері, интерактивті тақта, слайдтар.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Амандасу
б) оқушыларды түгендеу;
в) Психологиялық дайындық сынып болып қайталау
Болашақтың ұрпағымыз білімді
Информатикадан алған ілімді
Өмірде пайдаланамыз тиімді.
Үй тапсырмасын тексеру:
Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Пернетақта – компьютерге ақпарат енгізу құрылғысы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез келген ақпаратты беруге мүмкіндік жасайды. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 101 немесе 105 перне болады. Кейіннен қосылған 3 перне жаңа операциялық жүйенің кейбір мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін қажет. Пернелер бірнеші топқа бөлінеді:
1. Сиволдық пернелер, олар пернетақтаның ортасында орналасқан. Ол пернетақтаның негізіг бөлігі болып табылады. Бұл пернелердің көмегімен кез келген алфавитті - цифрлық ақпаратты енгізуге болады. Пернетақтаның бұл бөлігі латын, орыс, қазақ әріптері, цифрлар, тыныс белгілері және басқа да символдары бар пернелерден тұрады.
2. Функционалдық пернелер, бұлар символдық пернелердің үстіндегі жолда орналасқан. Олар латынның F (F1, F2,…., F12) әрпімен белгіленген. Функционал пернелер компьютердің күрделі операцияларын тез орындау үшін қолданылады.
3. Нұсқаушы немесе меңзерді экранда басқару пернелері. Меңзер дегеніміз экранда (сызықша түрінде) жыпылықтап тұратын символ. Ол символдық пернені басқанда, символ пайда болатын орынды көрсетеді. Бұл пернелер символдық пернелердің төменгі оң жағында орналасқан, олардың үстіне бағдаршалар салынған. Олар меңзерді экранда жылжытуға арналған;
4. Цифрлық пернелер немесе қосымша пернетақта, олар 10 пернеден тұрады. Пернетақтада оң жақта орналасқан. Бұлардың көмегімен цифрлық ақпараттарды компьютерге енгізуге, сондай - ақ меңзерді экранда қозғалуын басқаруға болады.
пернесі пернетақтаның оң жақ қосымша бөлігінің режимиін ауыстырып қосады. Егер пернесін бір рет басса, онда пернелерде көрсетілген цифрлар енгізіледі.
немесе енгізу пернесі. Бұл ең басты перне, оны басу әдетте белгілі бір әрекеттің, операцияның аяқталғанын, компьютер енді бұл әрекеттерді өңдеуі керек екенін көрсетеді.
Бос орын (пробел) пернесі. Бұл пернелердің ішіндегі ең ұзын перне, ол символдарды бір – бірінен ажыратып жазу үшін қолданылады.