7 сынып
Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы
Тақырыбы: Еуразия. Географиялық орны. Қоныстану және зерттелу тарихы.
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: Оқушыларды Еуразия мемлекеттерімен таныстыру, олардың ерекшеліктеріне, экологиялық маңыздылығын түсіндіру.
2. Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылықтарын ояту, картамен жұмысты дамыта отырып, оқушуларды шығармашылық жұмыс істеуге дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: Оқушыларға басқа мемлекеттердің тарихымен таныстырып қана қоймай өз еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін ояту, бірін - бірі сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Оқыту әдісі: Сұрақ - жауап
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Еуразияның физикалық картасы, оқулық, суреттер, карта.
Сабақтың жоспары:
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, оқушыларды түгендеп, зейіндерін тұрақтандырып жаңа сабақ түсіндіре бастаймын.
Жаңа сабақ:
Еуразия – дүние жүзіндегі ең ірі материк. Оның ауданы аралдарымен қосып есептегенде 54 млн км² астам, құрлықтың 1 3 бөлігіне сәйкес келеді. Еуразияны екі дүние бөлігі – Еуропа мен Азия құрайды.
Материктің табиғат жағдайларының алуан түрлілігі оны ауданының үлкен болуымен түсіндіріледі. Бұл мынадай табиғат ерекшеліктерінен көрінеді:
Дүние жүзіндегі ең биік тау шыңы – Гималай тауындағы Джомолунгма шыңы, оның биіктігі 8848 м;
Жер шарындағы теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан жер Арабия түбегінің солтүстік - батысындағы Өлі теңіз орналасқан Гхор ойысы. Оның деңгейі 403м;
Жер шарындағы ең үлкен түбек – Арабия, оның ауданы 3млн км² артық; Солтүстік - Шығыс Сібіріндегі - 71ºС температурасында тіркелген Оймякон елді мекені солтүстік жарты шарындағы суықтық полюсі болып табылады;
Ыстық әрі аптапты Үндістандағы Тар шөлінде +53ºС температура байқалған;
Жер шарындағы жылдық жауын-шашынның ең көп түсетін ауданы – Гималайдың оңтүстік - шығыс беткейіндегі Черапунджи елді мекені, мұнда жылына 12 мың мм - ден артық жауын - шашын түседі;
Аса құрғақ аптапты Арабия түбегінің оңтүстігінде жылдық жауын - шашын мөлшері 15 мм - ден де аз;
Жер шарындағы ең үлкен көл – Каспий теңізі Еуропа мен Азия аралығында орналасқан, оның ауданы 390 мың км²;
Жер шарындағы ең терең көл – Байкал көлі Азиялық бөлігінде орналасқан, оның тереңдігі 1620м;
Еуразияда солтүстік жарты шарға тән барлық климаттық белдеулер мен табиғат зоналары кездеседі;
Еуразия материгінің жағалауларын барлық мұхит сулары шайып жатыр.
Материк батыстан шығысқа қарай орасан зор аумаққа созылып жатыр.
Еуразияны құрайтын екі дүние бөлігі – Еуропа мен Азия арасындағы шартты түрдегі шекара Орал тауларының шығыс етегі, Жайық өзені арқылы Каспий теңізінің солтүстік жағалауы, Каума - Маныч ойысы мен Азов, Қара теңіздері және Қара теңізді Жерорта теңізімен байланыстыратын бұғаздар арқылы өтеді.
Еуразияның солтүстіктегі шеткі нүктесі – Челюскин мүйісі (77º43´с. е. 104º 18´ ш. б.) мен оңтүтіктегі шеткі нүктесі – Пиай мүйүісі (1º16´с. е. 103º30´ш. б.) аралығындағы қашықтық 8000 км. кейбір аралдар солтүстік полюске таяу орналасса, Малайя архипелагының аралдары экватордан оңтүстікке қарай 11º о. е. дейін созылып жатыр.
Еуразия. Географиялық орны. Қоныстану және зерттелу тарихы. жүктеу