Тақырыбы: Ежелгі Финикия мен Палистина
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: Оқушыларды аталған елдердің ежелгі тарихымен таныстыру. Жаңа білімді меңгеру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Оқушыны әлеуметтену үдерісіне қатыстыру.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды Отаншылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, картамен жұмыс, топтық жұмыс, жұптық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Ежелгі Шығыстың картасы.
Пәнаралық байланыс: География.
Сабақтың жүрісі:
I. Ұйымдастыру.
Оқушыларды түгендеу.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Сиқырлы саяхат ойыны
1. Хеттің ең үлкен өзені.
2. Мықты сауда орталығы.
3. Хеттің алғашқы астанасы.
4. Кейінгі астанасы.
5. Оңтүстік батысындағы теңіз.
6. Патша және құдай.
7. Халқының негізін құраған кәсіп иелері.
III. Жаңа сабақ. § 11. Ежелгі Финикия мен Палестина.
Жоспары;
1. Табиғи географиялық жағдайы.
2. Финикия қала - мемлекеттері.
3. Израил - иудей мемлекеті
4. Мәдениеті.
5. Қорытындылдау.
YI. Сабақтың барысы:
1. Міне оқушылар, Жерорта теңізінің Шығыс жағалауын Фининкия және Палестина жерлері алып жатыр. Бұл екеуі де таулы өлке. Үлкен өзендер, кең алқапты жазықтар жоқ. Сондықтан да бұл өлкенің адамдары тау аңғарларындағы шағын жерлердің өзін тиімді пайдалануға тырысты. Финикияда түрлі жеміс ағаштары мен жүзімдіктер өсірілді. Кей жерлерде бидай, арпа, сұлы егілетін. Палестинаның оңтүстігіне қарай кесіп өтетін Иордан өзені Өлі теңізге құятын. Бұл өте тұзды көл еді. Палестинаның таулы үстірті аудандары мал бағуға ыңғайлы еді. Палестинаның табиғаты өте кедей еді. Металл кендері болмады. Құрлысқа жарамды ағаштар өспейтін.
2. Финикия тарихының басты ерекшелігі – ірі мемлекеттің болмауы. Б. з. б II м. ж басында мұнда бірнеше шағын мемлекеттер болды. Олардың ірілері Уггарит пен Библ болды. Бір орталыққа біріккен үлкен мемлекеттің болмау себептері;
1. Аймақтарды таулардың бөліп өзара байланыстың болмауы.
2. Египет, Хетт, Ассирия сияқты мемлекеттер бұл елдердің бірігуіне жол бермеді.
Финикиялықтардың кәсіптері;
1. Сауда.
2. Теңізде жүзу.
3. Балық аулау.
4. Кеме жасау.
5. Құл саудасы.
Финикиялықтарға таулар арқылы қатынас жасағаннан көрі, кемемен қатынау тиімді болды. Египет билеушісі Нехонның бұйрығымен Финикиялықтарға Жерорта теңізінің жағалауында сауда орталықтарында құрды. Б. з. б. м. ж соңында Тир қала - мемлекеті күшейді.
3. Тирдің оңтустігінде филистимдіктер деп аталған халық өмір сүрді. Оларды Египеттіктер палистим деп аталған. Сол халықтың атынан Палестина деген жердің атауы пайда болған. Палестинаның ежелгі тұрғындары Хананей деп аталған. Кейінірек Палестинаға Синай шөлінен еврейлердің Израйл және Иудей тайпалары келе бастады. Дәуіт патшаның кезінде біріккен Израил – Иудейлік мемлекет құрылды. Ол хананейліктердің Иерусалим қаласын басып алып астана етті. Дәуіт тұрақты әскер құрып, мемлекеттік басқару жүйесін реттеді. Халық санағын жүргізді.
Сүлеймен патшаның кезінде Израил - иудей елі гүлдене түсті. Финикиядан қолөнершілер алдырып сарайлар мен бекіністер салдырды. Иерусалимде Яхве құдайға арнап храм тұрғызды, сауда дамыды. Елді 12 аймақ бөлді. әр аймақты салық жинауға жауап беретін әкімдер басқарды. Сүлеймен патша халық арасында қасиетті пайғамбар ретінде дәріптелді. Ол туралы аңызда бізге дейін жетті.
Дегенмен Израил мен Иудейліктердің бірлігі мықты болмады. Израил жерінде жер шаруашылығы жетекші сала болса, иудейліктер мал шаруашылығымен айналысты. Мұның өзі олардың арасын алшақтатуға себеп болды. Сүлейменнің салған салықтарына Израилдықтар болып бөлініп кетті. Бұл екі ел арасындағы күрес елді әлсіретті. Оны көрген көрші елдер басып алуға ұмтылды. Ассириялықтар Израилдің астанасы Самарияны, ал Вавилон патшасы Иерусаимді талқандады.
4. Финикиялықтар б. з. б XIII ғ алфавиттік жазу жүйесін жасады. Олардың алфавитінде 22 әріп болды. Финикиялық мифтік шығармалардың ішінде ең таралғаны "Ваал және Алийян" дастаны. Ваал - көктем құдайы, Алийян оның ұлы. Мұнда Ваалдың өлім құдайы Мотты жеңіп, қайта тірілгені баяндалады.