Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы,
Амангелді атындағы негізгі орта мектебі
Бекетбаева Дина Женисовна
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: Тіл дамыту
Тақырыбы: Көктем келді
Мақсаты: Педагогтің сұрақтарына байланысты жауаптар қайтаруға (қар ериді, күн жылынды, құстар ұшып келеді), сөздерге анықтама таңдауға (күн ашық, гүлдер әдемі) үйрету. (к) дыбысының дұрыс айтылуын бекіту.
Табиғаттағы құбылыстарды бақылай отырып, сүйіспеншілікке, табиғатты аялауға тәрбиелеу. Ұқыптылыққа үйрету, шығармашылыққа баулу.
Көрнекіліктер мен жабдықтар: Көктем мезгіліне байланысты суреттер, плакаттар, жапырақтар, бұлттар, күн, көпір, өзен, құстар, желім, автобус, ағаштар, т. б.
Түрі: Саяхат.
Әдіс – тәсілдер: Жұмбақ шешу, сурет бойынша әңгіме құрау, сұрақ – жауап, ойын т. б.
Мотивациялық қозғаушылық
Психологиялық сәт. Шаттық шеңбері.
Армысыз, қайырымды – Аспан ата!
Армысыз, мейірімді, - Жер Ана!
Армысыз, шұғылалы Алтын күн!
Қуан, шаттан, алақай,
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Бәріміз күндей жарқырайық.
Алақанды ашайық
Күннің нұрын салайық,
Жүрек жылуын салайық
Осы жақсы лебіздерді
Бір - бірімізге сыйлайық
Ұйымдастырушылық Ізденушілік
- Балалар, біздің тобымызға саяхатшы Дара келіп тұр. Үстел үстіне қуыршақ Дараны қояды. (Тәрбиеші қуыршақты балалармен амандастырады).
- Ол біздерді өзімен бірге саяхатқа шығуға шақырады. Қалай қарайсыңдар, барамыз ба?
- Саяхатқа қандай көлікпен шығамыз.
- Ендеше автобусқа билет алып, әр кім өз орындарымызға отырайық.
І бекет. Көктем белгілері бекеті.
Бұл бекетте балалар сендер көктемнің белгілері бар суреттерді тақтаға ілесіңдер
ІІ бекет. Бейнелер сыры .
Бекет тапсырмасы: Дидактикалық ойын: Қайсысы қайда тұрады? Шарты: Суреттегі бейнелерге қажетті бөліктерін дұрыс орналастыру. Мыс: ағашқа жапырақтар, аспанға бұлттар мен күн, құстар. Өзенге көпір мен су т. б.
Сурет бойынша әңгіме құрау.
ІІІ бекет. Мерекелер бекеті.
Балалар, біздер келесі бекетке де келіп қалдық. Бұл жер гүлдер мен шарлармен безендірілген екен. Мереке күні сияқты. Неліктен солай екенін түсіндіру.
Көктем айындағы мерекелер туралы әңгімелеу, сұрау.
Аналар мерекесі, Наурыз мерекесі туралы айту, мәнін түсіну.
ІҮ бекет. Жұмбақ бекеті.
Бекет тапсырмасы: бұл бекетке жету үшін Дара бізге мынандай жұмбақ әкеліпті. Соны шешіп көрейік. Қуыршақ сөмкесіндегі жұмбақты алып оқу.
Жұмбақ:
Су ағып сай – саладан,
Тасып өзен толады.
Құстар кеп ән салады,
Бұл қай кезде болады?
Көктем мезгілі туралы әңгімелеу.
Көктемдегі табиғат құбылыстарына байланысты жұмбақ айту.
1. Аспандағы көлеңке,
Жерге сусын себеді.
2. Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.
3. Тырс – тырс тамады,
Сайға қарай ағады. Т. б.
Балалар, Жұмбақ бекетінің тапсырмаларын орындадық. Дара достарың сендерге риза болды. Орнымызға отырып, сапарымызды одан әрі жалғастырайық.
Сергіту сәті: Көңілді күн
Тіл ұстарту жаттығулары:
1. Тем – тем – тем,
Келді көктем.
2. Шек – шек, — шек,
Шығады Бәйшешек т. б.
Қажет еткендерге көмек, ақыл – кеңестер беру.
Рефлексиялық - түзетушілік
Біткен жұмыстарды талдау, мадақтау.. Сұрақ – жауап арқылы көктем мезгілінің ерекшеліктері туралы білімдерін бекіту.
Күтілетін нәтиже:
Жаңғыртуы: Жыл мезгілдері, олардың атаулары туралы біледі.
Түсінуі: Жылдың басқа мезгілдерімен салыстырғанда көктем мезгілінің ерекшеліктерін ажырата білді.
Үйренуі: Сурет бойынша әңгіме құрап айтуды, әңгіме барысында сөздерге анықтама таңдауды үйренді. Дыбыстарды дұрыс айтуды үйренді.
Толық нұсқасын жүктеу