Сабақтың тақырыбы: 5 саны мен цифры
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды 5 санының жазылу жолдарымен, құрамымен таныстыру. 5 санына дейінгі сандарды тура және кері санауға үйрету. Қосу және азайту амалдарының мағынасын танытып, балалардың білім дағдыларын қалыптастыру. Кесінді бөліктері мен жұмыс жүргізу.
2. Оқушылардың ой - өрісін, тілін логикалық ойлау қабілетін дамытып өздігінен жұмыс істей білуге дағдыландыру.
3. Ойын дұрыс айта білуге, шығармашылық еңбек етуге, ұйымшылдыққа, мақсатқа жете білуге баулу. Ұлттық ханталапай ойынын дәріптеп, қазақтың патриот ұлдары мен қыздары болуға тәрбиелеу. Ұлттық болмысқа баулу.
Сабақтың әдіс - тәсілі: тапсырмалар орындау, санау, ойын, санамақ
Сабақтың түрі: ойын сабақ
Сабақтың көрнекілігі: цифрлар, суреттер, гүл күлтешелері, геометриялық фигуралар, ойыншық суреттері, асық, алма.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушылардың оқу құралдарын түгелдеп, сабаққа назарын аудару
ә) Психологиялық сәт
Біз қандаймыз, қандаймыз?
Шұғылалы таңдаймыз!
Күлімдеген күндейміз!
Еш уайымды білмейміз.
- Балалар, қазір қандай сабақ?
- Математика сабағы
- Көңіл - күйлерің қалай?
ІІ. Ойын сабақ
- Балалар, бүгінгі сабағымыз ойын түрінде өтеді. Сендер
Ханталапай ойынын білесіңдер ме? Ұлттық ойынымызды математика сабағында ойнап көрелік. Әр бір тапсырманы кім дұрыс орындаса сол асық жинайды. Ханталапайды ұтады. Асық беру арқылы марапаттап, еңбектерін бағалап отыру.
Ой шақыру
- Аптаның бесінші күні қалай аталады?
- Жұма
- Жылдың бесінші айы қандай ай?
- Мамыр.
- Ендеше, мамыр айындағы гүлді еске алайық.
- Ал балалар, мына гүлдерге көңіл аударайықшы!
Тақтада тұр қызыл гүл,
Әр беретін көңілге,
Күлтелерін ашайық
Сандарға біз қарайық.
(гүл күлтелерінен сандарды танып оқу, жазу)
5 саны мен цифры жүктеу