Құдіретті Қазақ тілі!
Ақ пен қара таласқан қарбаластың
Арасында тілім деп жанталастым.
Бір˗ақ сөзбен жылатып жан баласын,
Бір˗ақ сөзбен жұбатқан жан жарасын.
Қазақтың қазақтығын танытатын
Тілдегі құдіретке таңданасың.
Абай тілі ˗ айбыным, аңсар әнім,
Жаншуағым, тұнығым, ән самалым!
Мұқағали жырларын оқи˗оқи
Тілімнің құдіретіне тамсанамын!
"Тілім" деді көңілім алып ұшқан,
Кей сәттерде қиналдым жабығыстан.
Көкіректер, қайсыбір бейбақ жандар
Туған тілді қорлаған, жаңылысқан.
Абайлар аманаттап сеніп кеткен,
Осы тіл қанымызға еніп кеткен.
Мұрындарын шүйіріп бәз біреулер,
Тілімізді қорлады "келіп - кеткен"...
Талай тарих өткердік, талай көктем,
Енді бүгін ұмыт қой кешегі өткен.
Шырайланып, нұрланып таң атуда,
Несібемді күн сайын еселеткен!
Тілім менің −
Намысымның шырағы!
Өміріме жарық шашып тұратын.
Жүрегімнің таусылмайтын жыр˗әні,
Көңілімнің көктемдегі бұлағы!
Менің тілім сүтіменен ананың
Тарап бойға, Қазақ содан туады!
Ақсұлу Сүттібай