Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, 9 Балауса балабақшасының тәрбиешісіАлпысбаева Күміскүл ӘбдіғаниқызыМектепалды даярлық тобыТақырыбы

Скачать

Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы,
№9 Балауса балабақшасының тәрбиешісі
Алпысбаева Күміскүл Әбдіғаниқызы

Мектепалды даярлық тобы
Тақырыбы: Береке басы – алтын күз
Құрметті ата-аналар және апайлар! Бүгін біз 2-кішкентайлар тобында Береке басы- алтын күз атты ертеңгілігін тойлағалы отырмыз. Күз мерекесі отбасыларыңызға береке, бірлік әкелсін!

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тоңғаны ма, тойғаны ма
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан. - деп Абай атамыз айтқандай, біздің де балаларымыз осы күз мерекесіне арнап тақпақтарын айтып береді.
Хор; Күз жомарт
Гүлназ: Сары көйлегің желбіреп,
Сап-сары маңай
Соңғы әнін айтып
Құс кетті қайтып.

Назым: Жаздай күткен бәріміз
Сары алтын, сары күз,
Алтын ұя бақшада
Сабақ бастар шағымыз.

Перизат: Көк аспаның мөлдіреп
Алтын кұзім елжіреп
Асыр салып жүре бер
Сары көйлегің желбіреп.

Ардақ: Жемісті мол теретін
Күз дос екен біздермен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген.
Алуан-алуан жапырақ
Ернұр: Алтын сары , қызыл, көк

Күзгі бақта күлімдеп
көз тартады атырап.

Ақнұр: Өрік, шие, балы бар
Қарбыз, қауын көбейді
Жегің келсе бәрін ал
Неге аласың демейді.

Аружан: Бұлт ағады аулаққа
Күз келіпті аймаққа
Жаздай піскен жаңғақта
Шашылады жан-жаққа.

Айерке: Ой, балалар, балалар
Қоңырқай күз болыпты
Қурап жапырақ солыпты
Ел егінін орыпты.

Дамир: Күздің қазан айында
Алма, алмұрт піседі
Жапырақтар сарғайып
Сыбдыр-сыбдыр түседі.

Жүргізуші: Жарайды, балалар ендігі кезекті әнге берейік.
Хор; Күз келгенде
Әдемі әнмен Алтын күз зал ішіне енеді.
- Балалар, бізге қонақ келе жатыр кім екен?
Күз: Сәлеметсіздер ме балалар? Бүгін сіздерде мереке болып жатыр екен.
Мен де құр қол келген жоқпын мерекеге жұмбақтар алып келдім.

Жұмбақ жасыру. Осы кезде секіріп тиін келеді.
Тиін: Саламатсыздар ма, балалар?
- Мен кіммін?
- Мен өзіммен жаңғақтар алып келдім.
- Ойын ойнағыларың келе ме?

Жүргізуші: Қане, балалар тиін алып келген жаңғақтармен ойнайық. Жаңғақты тез әрі жылдам жинауымыз керек.
Тиін: Мен ән айтып бергім келеді.
ән: Кел, билейік
би: Шөжелер
Жүргізуші: Міне, құрметті қонақтар, балалар!
Күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталып келеді. Бүгінгі мерекеге қатысқан Алтын күзге, Тиінге рахметімізді айтамыз.


Скачать


zharar.kz