Керемет бәрін таптыңдар, Қандай ақылды балаларсыңдар

Скачать

Ортаңғы топқа арналған ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным , Әлеуметтік орта
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру, Көркем әдебиет
Тақырыбы: Үй жануарлары (слайдымен)
Мақсаты: Үй жануарлары туралы түсініктерін бекіту, үй жануарлары төлдерін дұрыс атай білуді үйретуді жалғастыру. Үй жануарларының беретін пайдасы туралы түсінік бере отырып, білімдерін толықтыру. Есте сақтау қабілеттерін дамыту. Үй жануарларына деген сүйіспеншілік сезімге және қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Оқу іс - әрекет түрі: Дәстүрлі
Оқу іс - әрекет әдістері: Әңгімелесу, түсіндіру, суретпен, слайдпен жұмыс, жұмбақ шешу, дид - қ ойын.
Көрнекілігі: Жануарлар туралы суреттер – слайд, аудиожазба, интерактивті тақта.
Билингвальдық компонент(орыс тілінде сөздер үйрену):
Сиыр - корова
Түйе - верблюд
Қой - баран
Жылқы - лошадь
Мысық - кошка
Ит - собака

Іс - әрекет кезеңдері:
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Жұмбақтар
1. Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.

2. Кезікті бір жануар,
Арқасында тауы бар.

3. Басында екі таяғы бар,
Иегінде сақалы бар

4. Жем - шөптен бір тартынбайды,
Сабасы бір сарқылмайды

Олардың бәрін не деп атаймыз?
Ендеше балалар, бүгін біздер үй жануарлары туралы әңгімелесеміз. Қазір мен сендерге осы үй жануарлары туралы Міржақып Дулатовтың Үй жануарлары атты әңгімесін оқып беремін, ал сендер мұқият тыңдап отырыңдар.
Үй жануарлары М. Дулатов
Жылқы, түйе, сиыр, қой, ешкі, ит, мысық, адамның үйінің маңайында тіршілік етеді. Сол үшін үй жануарлары деп аталады. Үй хайуанаттары адамға көп пайда келтіреді. Жылқыға мінеді, оны арбамен шанаға жегеді, сүтінен қымыз ашытады. Семіздерін қысты күні соғымға сояды, терісін сатып ақша қылады. Түйеге жүк артады, жабағысы, яғни жүні, күпіге жақсы болады, сатса, жүні пұл болады. Сиыр мен қой адамдарды етімен, сүтімен асырайды. Ит қасқыр мен ұрыдан сақтап қора күзетеді. Осылардың бәрі тегін қызмет етпейді. Олардың қызметі үшін адам асырайды, бағады, қысты күні аяздан тоңбайтын жылы қора жасайды, ұры, бөріден сақтау үшін бақташы қояды .
- Сонымен үй жануарлары адамның жанында өмір сүреді, оған адам қамқорлық жасайды, күтеді, тамағын, суын береді, ал сол үшін жануарлар адамға өз пайдасын көрсетеді екен.
Балалар, қандай үй жануарларын білесіңдер, кәне атай қойыңдаршы?
- Үй жануарларының төлдерін білесіңдер ме? Кім айтады?
- Керемет бәрін таптыңдар, Қандай ақылды балаларсыңдар. Ал қазір біз жануарлардың адамға қандай пайдасы бар екенін еске түсірейік. Кәне бастайық. (Слайдттағы сурет бойынша)
- Мынау қандай жануар?

Күтілетін нәтиже:
Біледі: үй жануарларын, олардың төлдерін атайды. Жұмбақ шешуді, мақал - мәтелдерді
Түсінеді: Үй жануарларының адамға пайдасын, оларды күтуде адамдардың еңбегін
Меңгереді: Жануарларға сүйіспеншілік сезіммен және қамқорлықпен қарауды.



Скачать


zharar.kz