Сабақтың тақырыбы: 2 санын көбейту және бөлу кестесін құрастыру
Математика 2 сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Көбейту, бөлу амалдары жайлы білімдерін тиянақтау. 2 санын көбейту және бөлу кестесін құрастыру, жұп және тақ сандарды ажырата білуге дағдыландыру.
Дамытушылық: Танымдық белсенділікті, ұжымда жұмыс істеу қабілетін, өзін және сыныптастарын бағалай білу біліктерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, өз бетінше тапсырмаларды орындап, нәтижеге жете білуге машықтандыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: кесте суреттер
Сабақтың технологиясы: БжС технологиясы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.(2 мин)
1. Амандасу
Қазақтың жері кең - байтақ,
Биік - биік таулары бар.
Терең - терең көлдері бар,
Көп - көп балықтары бар,
Біз сияқты бақытты балалары бар.
Оқушылардың жеке құрал - жабдықтарын түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Математикалық диктант (5мин)
- 1 - сыныптан бері қандай амалдармен таныспыз?
- Енді қандай амалдармен танысып жатырмыз?
- Көбейтудің компоненттерін ата?
- Бөлудің компоненттерін ата?
- 2*3 нешеге тең?
- 5*2 нешеге тең?
- 2*4 нешеге тең?
ІІІ. Жаңа сабақ. α - қызыл түс, β - жасыл түс, γ - көк түс топтарына бөлеміз.
Жаңа сабақты түсіндіру. 2 санын көбейту және бөлу кестесін құрастыру. Қоянның суретін беру арқылы әр секірген сайын екі бірліктен қосып отыру.
2*2=2+2 2*3=2+2+2
2*4=2+2+2+2
2*5=2+2+2+2+2
2*6=2+2+2+2+2+2 екенін түсіндіру. Амалдар төрттігін құрастыру.
9*2=18 2*9=18
18: 2=9
18: 9=2
1 - есеп
Есептердің шешуін жаз. ТКШ
а) Бір қорапта 6 қарындаш бар. Осындай 2 қорапта қанша қарындаш бар?
1 қ - 6 қ
Ш: 6*2=12
2 қ -? қ
Ж: Осындай 2 қорапта 12 қарындаш бар.
ә) 6 о - 12 д
Ш: 12: 6=2
1 о -? д
Ж: Әр оқушы 2 дәптерден алды.
2 - есеп 20 - ға дейінгі жұп және тақ сандарды жаз. АКШ
2, 4, 6, 8, 10, 12, 14, 16, 18, 20.
1, 3, 5, 7, 9, 11, 13, 15, 17, 19.
3 - есеп ЖКШ Жылдамдыққа өрнектің мәндерін тап. (10 мин)
6*2=12
5*1=5
12: 2=6
9*2=18
4*2=8
10: 2=5
5*2=10
8*2=16
8: 2=4
9*1=9
7*2=14
18: 2=9
2*2=4
14: 2=7
2: 2=1
6: 2=3
Топтық жұмысты қорытындылау. α=? β=? γ=? топтарының ұпайын анықтап, сапа шығару. (3 мин)
Үй тапсырмасы: 193 - бет 4, 5 - есеп
Бағалау. Оқушыларды алдында жиналған смайликтері арқылы бағалау.
2 санын көбейту және бөлу кестесін құрастыру. жүктеу