Елін сүйген, елі сүйген ЕлбасыМақсаты:Білімділік

Скачать

Тақырыбы: Елін сүйген, елі сүйген Елбасы
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды Қазақстанның тұңғыш Елбасшысы Н. Ә. Назарбаевтың өмірімен таныстыру.
Дамытушылық: 25 жыл аралығында көреген басшылығының арқасында жеткен жетістіктеріміз туралы мәлімет беру.
Тәрбиелік: Өз елін мақтан тұтуға, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: АКТ, кроссворд, хронологиялық кесте.

Ұйымдастыру кезеңі:
Мұғалім.
Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы мына кестенің ішінде жасырынған.

С М Е Ү Ұ К Д Л Ш
Ч И Ң Ғ Щ Л Д Т Б
Ж Е Й С Е Л І П А
Д Л Ң Ғ Щ Л Д А Г
Л І О С Ү Й Г Е Н
О Ң Р Г Ш Н М И Т
Р М Қ Ө Й Ц У А О
П Е Л Б А С Ы Т Н
Е Н Г Ш К У Ц Ф Ы
З С Ү Й Г Е Н Д В

1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет Қазақ КСР Президентінің жалпы халықтық сайлауы өтіп, ол сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті болып сайланғаны баршамызға мәлім. Яғни, өз тағдырын өзі айқындауға алғашқы қадам жасаған Қазақстан үшін 1 желтоқсан – мемлекеттілік тарихының мерейлі күні саналуға орны лайықты. Жоғары Парламенттің бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп, бұл баршамыз үшін қуанышты оқиға болды. Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған бұл мерекенің дәстүрлік іс - шараға айналуға орны бар екенін шынайы сезіммен айтып өтуге тура келеді. Биыл міне, тағы да осы мерекені тойлағалы отырмыз.
Өмірбаяны. Нұрсылтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. Анасы Нұрсылтанды кішкентай кезінде Сұлтан деп еркелететін.
1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын, 1976 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген.
Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.
1960 - 69 жж. - Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.
1969 - 73 жж. – Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия - комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
1973 - 77 жж. – Қарметкомбинаттың партком хатшысы.
1977 - 79 жж. – Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы, 2 - ші хатшысы.
1979 - 84 жж. – Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.
1984 - 89 жж. – Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы.
1989 - 91 жж. – Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы.
1990 ж. ақпан – сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің төрағасы болды.
1990 ж. сәуірінен - Қазақ КСР президенті.
1991 ж. желтоқсанның 1 - інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпы халықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98|7%) жеңіске жетті.
1995 ж. сәуірдің 29 - ында жалпы халықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың өкілеттілігі 2000 жылға дейін ұзартылды.
1999 ж. қаңтардың 10 - ында өткен жалпы халықтық сайлаудың нәтижесінде Н. Ә. Назарбаев (79, 78%) дауыс алып, ҚР – ның Президенті болып қайта сайланды.
2005 ж. желтоқсанның 4 - інде сайлаушылардың 91, 5% дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

Бүгінгі іс - шараға арналған келесі тапсырмамыз ол мына тақтаға ілінген Өмірбаян кроссвордың толтыру.

Қ А Р А С А Й
Ә Л Ж А Н
Д Н Е П Р О Д З Е Р Ж И Н С К
Қ А Р А Ғ А Н Д Ы
Қ А Ң Т А Р
С Ә У І Р
Т Ө Р Т І
Х А Т Ш Ы
С Ұ Л Т А Н

Берілген тор көздерді толтыру үшін келесі сұрақтарға жауап береміз:
1. Н. Ә. Назарбаевтың Алматы облысының қандай ауданында дүниеге келді?
2. Н. Ә. Назарбаевтың анасының есімін атаңыз?
3. Алғашқы оқуға түскен оқу орнын атаңыз?
4. Металлургия зауыты қай жерде орналасқан?
5. 1999 жылдың қандай айында 3 - ші Президенттік сайлауы өтті?
6. 1990 жылдың қай айында Қазақ КСР президенті болып сайланды?
7. 2005 жылы желтоқсанның қандай күнінде 91, 5% дауысын алып жеңіске жетті?
8. 1973 - 77 жж. – Қарметкомбинаттың парткомында қандай қызметте жүрді?
9. Н. Әбішұлының анасы қалай еркелетіп атаған?
Осымен біздің 1 - ші желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне арналған Елін сүйген, елі сүйген Елбасы атты тәрбие сағатымызды жабық деп жариялаймыз. Назарларыңызға көптен көп рахмет!


Скачать


zharar.kz