Балаларды табиғатпен, ауа райы құбылыстарымен таныстыру

Скачать

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы,
Асылай бөбекжай балабақшасы тәрбиешісі
Минажева Айман Сейтжановна

Тобы: 1 - ші сәбилер Боташым тобы (2 - 3 жас)
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Қоршаған ортамен танысу
Тақырыбы: Көңілді қыс
Мақсаты: Жылы киініп, шанамен сырғанап, аққала жасайтын көңілді қыс мезгілінің ерекшелігін түсіндіру.
Балаларды табиғатпен, ауа райы құбылыстарымен таныстыру. Адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: серуендеу, тәжірибе жасау, түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелесу.
Көрнекіліктер: шана, аққала, қар, фотоаппарат.

Жүру барысы:
Ұйымдастырушылық - қозғаушылық:
Балалар жылы киініп сыртқа шығады.

Балалар дөңгеленіп тұрып, бір - біріне жақсы тілектерін тілейді.
Жұмбақ шешу
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады. Ол не? (Балалар қар деп жауап беруге тырысады).
Балаларды табиғатпен, ауа райы құбылыстарымен таныстырамын.
Сұрақ - жауап:
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Оны қайдан білдік?
- Қыста ауа райы қандай болады?
- Адамдар қалай киінеді?
- Қыста қандай ойындар ойналады?
Қолдарына қар ұстап оның түсі мен салмағы қандай екенін, педагогтың сұрағына жауап беру арқылы бар білгендерін ортаға салады.
Шанаға кезек – кезек отырғызып сырғанатамыз. Балалардың көңіл - күйін көтеруге жұмыстанамыз.

Педагог: Оқу іс - әрекетте ауа туралы түсінік бере отырып, оның көзге көрінбейтінін, бірақ онымен біздің, басқа да тіршілік иелерінің демалатынын айтамын. Ауа таза болмаса ауыратынымызды айтып, оны таза ұстау үшін топтың, үйдің таза болуы, топта ойыншықтарын ойнап болған соң жинау керектігі туралы балалармен әңгімелесемін.
Тәжірибе жасау: Ауамен демалатынымызды, ауызды басса мұрынмен, мұрынды басса ауызбен дем алатынымызды тәжірибе жасау арқылы көрсетемін.
Сергіту сәті:
Аппақ қылып өңірді, (алақанды ашу)
Қар жауды, қар жауды! (қолдарын сермеу)
Көңілді балалар (қолдарын шапалақтайды)
Қызығып секірді, секіреді (орындарында тұрып секіреді).
Қимылды ойын: Қар домалақтау
Шарты: балалар қолдарынан келгенше қарды домалақтайды. Домалақтаған қарының пішінін, көлемін, түсін кезектесіп айтады.
Тәжірибе жасау:
Қарды ұстап көру, ол туралы әңгіме жүргізу.
- Қар туралы не айта аласыңдар?
- Қарды ұзақ ұстап тұрсақ, ол қандай күйге түседі?
- Қар неге ұқсайды?
Қауіпсіздік ережесі
Балалар мен сендерге қауіпсіздік ережесін айтып берейін, сендер естен шығармаңдар.
- Қарды жеуге болмайды, ол салқын тамақтарың ауырады.
- Мұздан сақ болу керек, үлкендерсіз жағаға баруға болмайды.
- Балалар, қыс мезгілі көңілді солай ма? Олай болса қане бәріміз аққала жасап ойнайық.
Ойын: Аққала жасаймыз
Шарты: Аққала жасау үшін екі топқа бөлінеді. Аққала жасап жарысады.
Жасаған аққаланы қызықтап, балалар қай аққала жақсы шыққанын бағалайды.
- Аққаланың неше дөңгелегі бар?
- Үлкен дөңгелекке қандай дөңгелек жапсырылады?
- Орташа дөңгелекке қандай?
- Басына не кигізуге болады?
Балалар, аққала дайын болды. Екі топтың да жасаған аққаласы әдемі болды.
Жарайсыңдар, енді балабақшаға кірейік.
- Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
- Несімен ұнды?
- Қауіпсіздік ережесін естен шығармаңдар, жарай ма?
- Қар туралы түсінік алдыңдар ма?

Күтілетін нәтиже:
Баланың түсінуі: Қыс қызығы неде екенін.
Баланың меңгеруі: Қыс мезгілінің ерекшеліктерін.
Баланың жасай білуі: Қысқы ойын түрлерін ойнайды.


Скачать


zharar.kz