Тербелістер , Толқындар тарауын жалпылау.
Сабақтың мақсаты: білімділік - берілген тақырыптар бойынша алған білімдерін жүйелеу, білімдерін пайдалануға үйрету.
дамытушылық - есептеу дағдылары мен біліктерін, ойлау қабілеттерін, есте сақтауын, шығармашылығын дамыту.
тәрбиелік - өз қабілеттіліктеріне сенімге, ұжымда жұмыс істеуге тәрбиелеу, алғырлыққа, зеректікке баулу.
Сабақтың түрі: Қайталау, жалпылау және жүйелеу.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, жазбаша жұмыс
ОТҚ: компьютер, интерактивтік тақта
Сабақтың жоспары: I. Ұйымдастыру бөлімі
II. Негізгі бөлім.
1. Тірек - сызба бойынша фронтальды сұрау
2. Кестемен жұмыс. (сәйкестендіру)
3. Гүл жапырақшаларын жинау.
4. Тербелістер сипаттамасы.
5. Салыстыру. Венн диагараммасы.
6. Кім есепке жүйрік?
III. Үйге тапсырма. Қайталау.
IV. Қорытындылау бағалау.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі
II. Негізгі бөлім.
1. Тірек - сызба бойынша фронтальды сұрау.
1. Тербелістер дегеніміз не?
2. Тербелістердің пайда болу шарттары.
3. Тербеліс периоды.
4. Тербеліс жиілігі.
5. Тербеліс амплитудасы.
6. Тербеліс кезіндегі энергияның түрленуі.
7. Математикалық маятник тербеліс периоды неден тәуелді?
8. Серіппелі маятниктің периоды неден тәуелді?
9. Еркін және еріксіз тербелістер дегеніміз не?
10. Электромагниттік тербелістер.
11. Томсон формуласы.
12. Резонанс дегеніміз не?
13. Толқындық қозғалыс.
14. Көлденең толқын.
15. Бойлық толқын.
16. Толқын тербелісінде не тасымалданады?
17. Дыбыс толқындары қалай жіктеледі?
18. Дыбыстың қандай сипаттамалары бар?
19. Электромагниттік толқындар.
20. Электромагниттік толқындардың қасиеттері.
Батыс Қазақстан облысы,
Бөкей Ордасы ауданы, Сайқын ауылы
М - С. Бабажанов атындағы ЖОББМ
Физика пәнінің мұғалімі Абдолова А. Ф.