"Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ"
МАҚСАТЫ: Оқушылардың халық ауыз әдебиетіне деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыру халық ауыз әдебиетіне құрметтеп, оны дамытуға, тіл мәдениетіне, достық қарым - қатынасқа, ой ұшқұрлығы мен тапқырлыққа өз ұлтын сүюге тәрбиелеу.
КӨРНЕКІЛІГІ: Халық ауыз әдебиеті бойынша.
Ел аузынан әңгімелер, мақал - мәтелдер, жұмбақтар, нақыл сөздер.
ЖҮРІСІ:
КІРІСПЕ. Құрметті оқушылар!!!
Бүгін біздің сыныбымызда " Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ" ойын жарысы өткелі отыр. Мұндағы мақсатымыз - халық ауыз әдебиетін дамыту, халық мұрасын сақтау және жалғастыру. Мақал мәтелдер ғасырлар шежіресі онда халық тарихы, оның әлеуметтік шежіресі ақыл өнегесі мол көрініс тапқан.
Жұмбақтар да ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан түрі. Жұмбақтан халықтың ойлау жүйесін танимыз.
ЖАРЫСТЫҢ ШАРТЫ:
1. Мақал - мәтел айтудан жарыс.
2. Жұмбақ шешуден жарыс.
3. Жеңімпаздардың өзара сайысы.
4. Шешендік өнер.
ЖҮРГІЗУШІ: Мақал сөз атасы дегендей ортамызға мақал мәтел
сайысына қатысушыларды шақырамыз.
ЖАРЫСТЫҢ 1 - ШІ ШАРТЫ: Жүргізуші қойған сұраққа қатысушы мақалмен жауап береді.
МЫСАЛЫ: Жыланды іннен қалай шақырады
Жауабы: Жылы - жылы сөйлесе, жылан іннен шығады.
1. Қар жана ма? (Қалауын тапса, қар жанады).
2. Инемен құдық қазуға бола ма? (Білім инемен құдық қазғандай).
3. Аппақ қарға бола ма?( Қарға баласын аппағым дейді).
4. Қой мен қасқыр ойлана ма? (Қойдың ойлағаны амандық, қасқырдың ойлағаны арамдық),
5. Ең тәтті не? (сүті - тәтті, баланың тілі - тәтті).
6. Адамның қай мүшесі - қорқақ, қай мүшесі - батыр? (Көз - қорқақ, қол -батыр).
7. Кімнен кім жаман? (Олақтан салақ жаман).
8. Шашу мен жинаудың қайсысы оңай? (Шашу оңай, жинау қиын).
9. Ер неше рет, қорқақ неше рет өледі? (Ер бір өледі, қорқақ мың өледі).
10. Отқа түсіп күймеуге бола ма? (Отан үшін отқа түс, күймейсің)
11. Отан да ыстық не? (Отан оттан да ыстық).
12. Білгенің қанша, білмегенің қанша? (Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз).
ЖҮРГІЗУШІ: Енді мына сөздерге мақал - мәтел құраңыздар.
1. Қой, қойшы, қозы.
2. Арпа, бидай.
3. Бірлік, тірлік.
4. Ит.
5. Жер.
6. Білім.
7. Отан.
8. Тіл.
(Қатысушылардың ұпайын санау)
Жүргізуші: Ортамызға жеңімпаз мақалшыларды шақырамыз.
Келесі шарт: Жеңімпаз екі мақалшы өзара сайысқа түседі. Бірі айтқан мақалдың ішіндегі бір сөзге екінші мақалшы мақал құрайды.
(Қатысушылардың ұпайын санау).
МУЗЫКАЛЫҚ ҮЗІЛІС.
Жүргізуші: Ортамызға жұмбақшыларды шақырамыз.
Барыстың шарты: Жүргізуші оқыған жұмбақты шешу:
Шеңбер жасап өледі, желмен бірге көшеді.
(қаңбақ)
Үлпіршікке қан құйып, үріп талға байладым.
(бүлдірген)
Шидеген ұзын сирағы, тастай керең құлағы,
Сөйтіп жүріп көп жерге аспалы тор құрады.
(өрмекші)
Аяғы бар жүрмейді, аузы бар бірақ күлмейді Айнымайды бөпемнен, бірақ сөйлей білмейді.
(қуыршақ)
Емес ол кітап та, дәптер де.
Жүреді бірақ та портфельде
Көрсетіп ондағы бағаңды,
Қуантып қоясың ағаңды.
(күнделік)
Көтерейін десем, ауыр кілем Көтермейін десем, тәуір кілем.
(жер шары)
(Қатысушылардың ұпайын санау)
ЖҮРГІЗУШІ: Ортамызда жеңімпаз жұмбақшыларды шақырамыз.
МУЗЫКАЛЫҚ ҮЗІЛІС.
КЕЛЕСІ ШАРТ:
Екі жұмбақшы бір біріне жұмбақ жасырады.
ЖҮРГІЗУШІ: Ортаға жеңімпаз мақалшы мен жеңімпаз жұмбақшы шығады. Жұмбақтың шешуіне мақалшы мақал құрайды.
ЖҰМБАҚШЫ: Тізіп өскен тісі бар, көп істеген ісі бар.
(орақ)
МАҚАЛШЫ: Аузыңмен орақ орғанша, қолыңмен шалғы шап.
ЖҰМБАҚШЫ: Ортасында ақ көлдің, қара көлге тап болдым.
(көздің ағы мен қарасы)
МАҚАЛШЫ: Көз жетпеген жерге, сөз жетеді.
ЖҰМБАҚШЫ: Ақ шапанын үстінен алты ай бойы шешпейді,
Қара шапан үстінен алты ай бойы түспейді.
(қара жер мен ақ қар)
МАҚАЛШЫ: Қалауын тапса, қар жанады.
МУЗЫКАЛЫҚ ҮЗІЛІС: Жеңімпаздарды анықтау.