Қызанақ – 2 кг
Болгар бұрышы – 2 бас
Сәбіз – 2 бас
Сарымсақ – 2 бас
Ащы бұрыш – 7 - 8 бас
Аджика дәмдеуіші – 1 ас қасық
Уксус 70 % – 2 шай қасық
Сұйық май – 50 мл
Тұз – 1 ас қасық
Шекер - дәміне қарай
Жасалуы
Көкөністердің барлығын жуып-тазалап аламыз. Қызанақты, болгар бұрышын, ащы бұрышты, сарымсақты, сәбізді еттартқыштан (мясорубка) өткіземіз. Ащы бұрыштың өзегін тазаламаймыз, тұқымымен қоса саламыз. Барлығын үлкен ыдысқа құйып отқа қоямыз, қайнап шыққан соң отты жай басып қоямыз, жай отта 1 сағаттан аса қайнауы қажет. Соңынан сарымсақты, дәмдеуішті, тұзды, шекерді салып, майды және уксусты құйып 10 минуттай және қайнатамыз. Дайын болған аджиканы тоңазытқышта сақтауға немесе банкіге жауып қысқа сақтауға болады.