Білімділер тобы

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығының құрылғанына - 550 жыл

Сабақтың мақсат - міндеттері:
 Оқушылардың Қазақ хандығының құрылу тарихы туралы білімдерін тереңдету. Ертістен Еділге дейін созылған сайын даланы өзіне бағындырып, 1465 жылы Шу өзенінің бойында алғаш қазақ деген атаумен Керей мен Жәнібек хандар ірге тасын қалаған Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл болған осы хандықтың тарихын білуге үйрету.
 Оқушылардың тарихи – танымдық қабілеттерін өз бетінше ізденуге баулу, тіл байлығын дамыту.
 Тұңғыш Қазақ мемлекетінің құрылуының негізін қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:
• Қазақ елінің тарихын терең білу, тарихи тұлғаларды үлгі тұту, Қазақстанның дамуына өз үлесін қосу, өмірде қолдана алу.
• Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы туралы білім мен түсінік қалыптасады.
• Алған білімдерін сараптай, талдай отырып өзгерістерді анықтайды және болашақты бағдарлай алады.
• Сын тұрғысынан ойлай алуға дағдыланады.
• Өз бетінше шешім қабылдап, дәлелдемелер келтіреді, қорытынды жасай алады.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірме қағаздар, суреттер, карта.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, география, бейнелеу
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ - жауап.
Сабақтың түрі: Интеллектуалдық сайыс сабақ.

Кіріспе: Армысыздар бүгінгі Қазақ хандығының құрылғанына – 550жыл атты сайысымызға қатысушы оқушылар және қонақтар!
Қазақ хандығы — бүгінгі Қазақстан Республикасы мен көрші аймақтардың территориясында 1465 - 1847 жылдар аралығында құрылған мемлекет. Қазақ хандығы Еділден Жайыққа дейінгі территорияны, Сырдария мен Амудария өзендерінің аралығын, Хорасан жерін қамтыған.
Қазақ хандығының мемлекеттік құрылымы дала демократиясына негізделген монархияға негізделген. Мемлекет басшысы - хандар саяси билік жүргізетін. Олар төре тұқымынан шыққан сұлтандар арасындағы таңдау негізінде сайланатын.
Қазақ хандығының тұңғыш ханы - Керей, соңғы ханы - Кенесары Қасымұлы.
1465 жылдары Керей мен Жәнібек Әбілхайыр хандығынан бөлініп шығып, Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергені тарихтан аян. Қазақ деп ұран тастағанда рухы көтеріліп, намысы оянған барлық қазақ тайпалары түгел жиналып, Қазақ хандығының іргесін қалағанын баршамыз білеміз. Әлбетте, одан кейін тағдыр сан түрлі сынаққа салды бізді. Үш ғасыр тарихымыз бен ар – ожданымыз табанға тапталды. Түрлі нәубетті бастан өткердік. Бірақ, мың өліп мың тірілген қазақ ақыры азаттығын алды. Ал, Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту – сол азаттық сыйлаған бабаларға деген құрметіміз деп қабыл алыңыздар.
Түріктің бір бұтағы қазақ еді,
Қайсар мінез, өр еді, ғажап еді.
Жәнібек, Керей хандар басын қосып,
Өмірге келген еді қазақ елі.
Алтай мен Атыраудың арасында
Жетісу, жеті өзеннің сағасында.
Бірігіп Ұлы, Орта, Кіші жүз боп,
Хандық құрды қазақ өз даласында.
Елбасы 2015 жыл — ұлттық тарихымыздың ұлықталатын жылы екенін еске салды. Мәселен, 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз.

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды бес топқа бөлу.
I - топ: 8 Ә сынып оқушылары: Білімділер тобы.
II - топ: 8 Б сынып оқушылары: Сұңқар тобы.
ІІІ - топ: 8 В сынып оқушылары: Алғырлар тобы.
ІҮ - топ: 8 Г сынып оқушылары: Жас ұлан тобы.
Ү - топ: 8 Ғ сынып оқушылары: Жас қыран тобы.
(Әділ - қазы алқасын сайлау)
Сайыстың кезеңдері:
• Таныстыру сайысы. Әр топ өз атын қорғайды.
• Білімділер сайысы. Әр топқа қазақ хандығының құрылуы жайында сұрақтар беріледі.
• Шешендер сайысы. Топтарға тақтада әр түрлі сөздер беріледі. Топтық жұмыс жүргізу арқылы сөздердің мағынасына қарай мәтін құрастыру.
• Ой қозғау сайысы. (Ассоциация). Алаш , Қазақ сөзінің мағынасы туралы айтады. сөзінің мағынасы туралы айтады.
• Ойлан, тап! сайысы. Суреттегі хандардың кім екенін анықтау.
• Шығармашылық тапсырма .
І тапсырма: Қазақ хандығының құрылғанына - 550 жыл тақырыбында шағын шығарма жазу.
II тапсырма: Қазақ хандығының құрылғанына - 550 жыл тақырыбында постер (плакат) қорғайды.
• Қорытынды.

І кезең: Таныстыру сайысы. Әр топ өз топтарының атын және төсбелгісін қорғайды.
ІІ кезең: Білімділер сайысы. Әр топқа қазақ хандығының құрылуы жайында сұрақтар беріледі. Әр дұрыс жауап бір ұпаймен бағаланады


Скачать


zharar.kz