Сынып тазалығына көңіл бөлу, тақтаның даярлығын тексеру

Скачать

Алгебра (8 сынып)
Сабақтың тақырыбы: Виет теоремасы
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді беру, қалыптастыру
Сабақтың әдісі: Деңгейлеп оқыту әдісі, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, деңгейлік тапсырмалар, слайд.
Пәнаралық байланыс: Информатика, Геометрия
Пайдаланылған әдебиеттер: 8 - Алгебра оқулығы, алгебра есептер жинағы

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Сынып тазалығына көңіл бөлу, тақтаның даярлығын тексеру;
3. Оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірлігін даярлау;

ІІ. Өтілген материалдарды қайталау сұрақтары:
1. Жалпы квадрат теңдеу қалай өрнектеліп беріледі?
2. ах²=0; ах²+вх=0 және ах²+с=0 квадрат теңдеулері неліктен толымсыз квадрат теңдеулер деп аталады?
3. Келтірілген квадрат теңдеу дегеніміз не?
4. в²- 4ас формуласымен есептелетін сан қалай аталады?
5. Толық квадрат теңдеу дегеніміз не?
6. Кез келген квадрат теңдеудің түбірлерін табу үшін.................. формуласын қолдануға бола ма?
7. 2х²- 5х - 3=0 теңдеуінің коэффициенттерін атап шығыңдар.
8. Егер квадраттық теңдеуінде коэффициенттердің бірі – b не с немесе b мен с - ның екеуі де 0 - ге тең болса, мұндай теңдеулерді қалай атайды?

1) Дискриминантым ғаламат,
“Теріс” таңбасы қиянат.
Оң сан шықса түбірден,
Шәкірттің ісі оңалады?
(Неге?)
2) Дискриминантым менің жоқ,
Түбірге төнер күмән көп.
Сонда да қорқар жөнім жоқ,
Көңілім менің мүлде тоқ.
(Себебі?)
3) Дискриминантым болды - ау теріс,
Табылар ма екен түбірлер тегіс.
Уақытты босқа жіберме енді,
Түбірлер мұнда болмайды мүлде.
(Неліктен?)


Скачать


zharar.kz