Әліппемен қоштасу
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау, өз өнерлерін ата - аналарға көрсету, белсенділігін арттырып, ұжымшылдығын күшейту.
2. Дамытушылық: Кеш барысында, тапсырмаларды орындау барысында өз ойларын еркін айтып, толық жауап беруін, қабылдауын, зейін қоюын, есте сақтауын дамыту.
3. Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, бірін - бірі сыйлауға, кеш барысында өзін - өзі дұрыс ұстауға және балалардың эстетикалық талғамдарын түсіп, ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
1. Безендірілуі: Әліппе, саған мың алғыс! сөзі жазылған плакат, суреттер, шарлар, жалаушалар, суретті әріптер, нақыл сөздер жазылған плакаттар.
Сабақтың барысы:
Сахнаның бір бұрышын орман бейнесінде безендіру. Сахна бұрышында сиқыршы қыз ертегі кейіпкерлерімен билеп жүреді. Сиқыршы қыз: Ой, бүгін күн қандай тамаша! Табиғат - ана өз жылуын жердегі адамзатқа төгіп тұрғандай! Қараңдаршы қандай әдемі, қандай көрікті. Бүгін менің сиқырлы таяғым бір ғажайып көрсетер ме екен? Қане сиқырлы таяғым маған не көрсетесің?(Сол кезде шар жарылып, сиқыршы оқушылар ортасына келеді)
Сиқыршы: Ой, мен қайда келіп қалдым? (Мұғалімге кездеседі)
Мұғалім: Армысыз, кішкентай сиқыршы!
Сиқыршы: Сәлеметсіз бе?! Мен сізді танымадым. Мен өзі қайда келіп тұрмын?
Мұғалім: Кішкентай сиқыршы, сіз біздің мектебімізде тұрсыз. Бүгін біздің мектепте ерекше той өткелі тұр. Мектептің 1 к сынып оқушылары Әліппемен қоштасқалы отыр. Бұл тойдың қадірлі қонағы бол!
Сиқыршы: Рахмет, маған да сізге көмектесіп тұруға бола ма?
Мұғалім: Әрине болады. Әзірге балалармен бірге отыра тұр.
Мұғалім: Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін біздің қуанышымызға шек жоқ. Бүгін сіздер 1 - сынып оқушыларының Әліппемен қоштасу ертеңгілігіне келіп отырсыздар.
Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарында қызғалдақтай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата - аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.
Тойымыздың той бастары ретінде (Дильнара мен Асылдың орындауында Ертегілер әнін қабыл алыңыздар.
Мұғалім:
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл – ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!
- Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастаймын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен: Болашаққа жол ашқан,
Ол сүйікті Әліппе!
Мұғалім:
- Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе.
Әліппе:
Менің атым - Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ер жеткен,
Аған менен әпкең де.
Армысыздар жас достар!
Армысыңдар, ата - ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Мерекеңмен құттықтаймын
Бүлдіршіндер, балғындар!
Не үйреніп, не білдік
Кәне ортаға салайық.
Әліппе: – Осы сендер қандайсындар?
- Талабы биік таудаймыз.
- Мың бұралған бишіміз.
- Біз шеберміз.
- Ақылдымыз.
- Үлкенге ізеттіміз, кішіге қамқормыз.
- Көп оқимыз.
Барлығы: Біз - қазақ елінің болашағымыз.
Бөбектер әні орындаушылар Сабина, Нұрасыл, Амина
Балалар біздің бүгінгі шарамыз ойын түрінде өтпек және бірнеше айналымдардан тұрады.
Ойынымыздың І - айналымы Ұшқыр ой (5 ұпай)
Әр балаға әліппе пәнінен сұрақтар қойылады. Тез, жылдам, нақты жауап беру керек. Әр оқушы 1 сұраққа жауап береді. Сұңқар тобына:
1. Сөйлемде сөздің бірінші әрпі қандай әріппен жазылады?
2. Бесінші сөзі қандай сұраққа жауап береді? (нешінші?)
3. Сұраулы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (сұрақ белгісі)
4. Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді? (2: жуан, жіңішке)
5. адамның аты қалай жазылады? (үлкен әріппен)
6. Жуан дауысты дыбыстарды айт? (а, о, ұ, ы)
7. Кейде дауысты, кейде дауыссыз болатын дыбыс. ( у )
8. Жіңішке дауысты дыбыстарды айт
Барлық сұрақтарға жауап бердіңдер ал енді әліппе туралы жаттаған тақпақтарың бар ма?
Дильнара
Ең алғаш қолға алғанда әліппені,
Қызыға қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,
Ұстазым оның кілтін алып берді.
Нұрасыл
Ұйретіп бізге алғаш Әліппені,
Ұстазым ғылымға жол салып берді.
Адамның ой - арманы, мақсаттары,
Оқудың сәулесімен жарық көрді.
Асыл
Жақсы кітап әліппе,
үйретеді әріпке,
Қуыршақпен қоштастым,
Әріптермен достастым.
Амина
Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,
Алфавитті алғаш сенен жаттадым.
Ұстаз - ана естен кетпес мәңгілік,
Мейіріммен жауырыннан қаққаның.
Серік
Жүзің жылы, құшағың кең,
Сенен түлеп ұшамын мен.
Өзің берген біліміңмен,
Биіктерге шығамын мен.
Малика
әліппе әліппе
алғашқы әріппен
ана деп қазір біз
жазуға әзірміз
Сабина
Әліппе әліппе
екінші әріппен
бала деп қазір біз
жазуға әзірміз