Қандай тіл

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Ф. Оңғарсынова. Білім керек бәріне
Сабақтың мақсаты: Өлеңді мәнерлеп оқуға үйрету. Оқушылардың ой қиялын дамыту. Білімділікке тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Түрі: жаңа сабақ
Көрнекілігі: Ф. Оңғарсынованың суреттері, оқулық, сөзжұмбақ, плакаттар.

Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі.
- Бізде қандай апталық болып жатыр?
– Қандай тіл?
– Тіл туралы қандай мақал - мәтел білеміз?

II Үй тапсырмасын сұрау:
- Абай Құнанбаев кім?
- Қайда туылды? қай жылы? - Әкесінің аты кім?
- Әжесінің аты кім? - Анасының аты кім?
- Кімнің тәрбиесінде болды?
- Қандай шығармаларын білесіңдер?
Оқушылардан Ғылым таппай мақтанба өлеңін сұрау.

III Өткен сабақты қорыту:

IY Ой қозғау
V Жаңа сабақ:
Фариза Оңғарсынқызы Оңғарсынова 5 желтоқсанда 1939 жылы Атырау облысында дүниеге келді. Ф. Оңғарсынова қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің I және II шақырылымдарының депутаты. 2014 жылдың 23 қаңтар күні Астана қаласында ұзақ сырқаттан дүниеден өтті. Әдеби шығармалары: Сандуғаш , Алмас қылыш , Маңғыстау монологтары , Сайраған Жетісудың бұлбұлымын .
Марапаттары: Құрмет белгісі , Парасат ордені , Қазақстанның халық жазушысы. Қазақстанның халық ақыны. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Білім керек бәріне өлеңін оқып беріп, мазмұнын түсіндіру. Тізбектей оқыту.
Сергіту сәті:
Ана тілім ұраным,
Ана тілім - құралым,
Ана тілім болмаса,
Болмас еді жыр әнім.

Сөзжұмбақты шешу:
1. Ұлы ақын. (Абай)
2. 2. Ең кіші бір таңбалы сан. (бір)
3. 3. Тігісті немен тігеміз? (қол)
4. 4. Бас киім. (бөрік)
5. 5. Тоғай сөзіне мәндес сөз. (орман)

Сабақты қорыту:
Бүгін не үйрендік?
Ф. Оңғарсынова кім?
Қандай өлеңін өттік?
Тест тарату. Бағалау
Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау.


Скачать


zharar.kz