Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы.
информатика пәнінің мұғалімі Тақаш Қазиза
Сабақтың тақырыбы: Компьютердің қосымша құрылғылары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларды компьютердің қосымша құрылымдарымен таныстыру және олардың атқаратын қызметін үйрету.
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәртіптілікке, жүйелілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың барысы:
1. Оқушыларды ұйымдастыру (1 минут).
2. Үй тапсырмасын тексеру (5 минут).
3. Жаңа сабақ түсіндіру (20 минут).
4. Практикалық жұмыс (15 минут).
5. Үй тапсырмасын беру (1 минут).
6. Бағалау (1 минут).
7. Қорытынды (2 минут)
Үй тапсырмасын тексеру
1. Компьютер ең негізгі құрылмдары қайсы?
2. Жүйелік блоктың құрамына нелер жатады?
3. Пернетақта қандай бөліктерден тұрады?
Тест тапсырмаларын тексеру
Жаңа сабақты түсіндіру:
Компьютердің жүйелік блогына қосымша қосылатын құрылғылар қосымша құрылғылар деп аталады.
Принтер – мәтіндік және графиктік ақпаратты қағазға шығару құрылғысы.
Сканер – компьютерге мәтіндік және графиктік ақпаратты қағазға енгізу құрылғысы.
Модем – телефон желілері бойымен ақпарат тарату құрылғысы.
Баған (колонка) – дыбыстық ақпаратты шығару құрылғысы.
DVD (CD)- ROM – лазерлік дискілерді көруге арналған құрылғы.
Тышқан – компьютермен жұмыс істеуге арналған ыңғайлы құрылғы.
Ақпарат тасығыштар:
Қатты диск (винчестер)
Жұмсақ диск (дискета)
Лазерлік дискілер
Флеш - жады.
Қатты дискі – үлкен көлемдегі деректер мен программаларды ұзақ уақытқа сақтайтын негізгі құрылғы.
Дискета – шамалы көлемді деректерді көп қайтара жазып, сақтау үшін қолданылатын тасымалданатын магниттік ақпарат тасығыш.
Қысқартылған CD - ROM тіркесі қазақ тіліне ықшам дискі негізіндегі тұрақты сақтау құрылғысы деп аударылады. Ал DVD дискі – үлкен көлемді ақпаратты сақтауға және оқуға мүмкіндік беретін артығырақ тығыздықтағы құрылымды жұмсақ беті бар тасығыш.
Заманауи ақпарат тасымалдайтын құрылғылар – ол флеш - жадылар. Оларға ақпаратты көп рет қайта жазуға болады. Мұндай тасығыштардың физикалық мөлшерлері үлкен емес, ал сиымдылығы жылдан - жылға артып келеді.
Ақпарат тасығыштардың негізгі көрсеткіші – олардың сыйымдылығы.
Сыйымдылық – тасығышта сақталатын ақпараттың шектік сандық мөлшері.
Сабақты бекіту:
Оқулықтағы бақылау сұрақтары мен тапсырмаларды орындау.
Үй тапсырма: өтілген тақырыпты қайталай оқып келу және тест тапсырмаларын орындау.
Бағалау: үй тапсырмасы және практикалық жұмысты жасау бойынша бағаланады.
Қорытынды:
Бүгінгі сабақта не үйрендік. Компьютердің қандай қосымша құрылғылары бар?