Сабақтың тақырыбы: Құс суреті
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: балалардың графикалық қабілеті мен дағдыларын қалыптастыру Дамытушылығы: ден қою мен бақылау, қабілетін дамыту Тәрбиелігі: табиғатты сүюге, оны қорғай білуге үйрету Әдісі: сұрақ - жауап, әңгіме Көрнекілігі: құстардың фотосуреттері, слайд Түрі: аралас сабақ Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, математика Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. 2. Үй тапсырмасын тексеру a) Жұмыстарын бағалау Өткен сабақ бойынша сұрақ - жауап: Қандай ертегілер білесің? Өзің білетін ертегі кейіпкерлерін ата. Жағымсыз кейіпкерлерді білесің бе? Ертегілердің қандай түрлері бар? 3. Жаңа сабақ Сабақтың тақырыбын ашу үшін мына сөзжұмбақты шешейік.
1. Қазір қай мезгіл?
2. Су алатын терең шұңқыр
3. Темірмен жұмыс істейтін адам
Жаңа сабақтың тақырыбы“Құс”
1) Қазір табиғат құбылысында қандай өзгерістер болуда?
2) Құстар қыс мезгілінде не істейді? - Құстар жыл маусымдарының ауысуына байланысты 3 түрге бөлінеді: жыл құстары, көшпелі құстар және қыстап шығатын құстар. Жыл құстары күзде жылы жаққа кетіп, көктемде оралады. Көшпелі құстар күзде, қыста ауа райының қолайсыздығынан солтүстіктен оңтүстікке ауысып отырады. Қыстап шығатын құстар жыл бойы бір аймақта тіршілік етіп, көбейеді.
– Мына суретке қараңдар. Мен жұмбақ оқимын. Ол қай құсқа сәйкес келеді?
Немесе шешуі қай құс?
Күндіз тіпті ұшпайды,
Түнде тышқан ұстайды.
Көзі шамға ұқсайды.
Өзі сақ, өзі ұсақ,
Құйрығы ұзын, ала.
Бұл қандай құс, бала?
Өз атын өзі айта алар,
Қайта - қайта қайталар.
Бұл құс қашан жай табар?
Сөз үйретсең қайталайды,
Өздігінен айта алмайды.
Өзі жылдам самғайды,
Денесі жұмыр, басы бос.
Қыста ауылды шарлайды
Сары құсты әнге қос.
Еркін самғап ұшсын деп,
Мәпелейміз, баптаймыз.
Бейбітшілік құсы,- деп
Қайсы құсты мақтаймыз?
Құстар – адамның көмекшісі. Көктем, жаз және күз айларында олар құрт - құмырсқа, көбелек, өрмекші сияқты жәндіктерден орманды, бау - бақшаларды тазартады.
Көкшымшық – өте жылдам құс. Оның денесі жұмыр, басы иығына батыңқы, тұмсығы үшкір болады. Жіңішке, бірақ мықты аяғының саусақтарында, ұзын тырнақтары бар. Құйрығы төртбұрышты, ұшына қарай жалпая түскен болып келеді.
4) Дәптермен жұмыс - денесін көлбеу сопақша жоғары жағына кішігірім шеңбер етіп, басын сыз; - жотасы мен құйрығының сызығын түсір; - тұмсығын сал; - үзік сызықтармен осы құстың өзіне ғана тән бас бейнесін келтір, - мойны мен арқасының сызығын бейнелеу үшін бас сызығының жалғасын аздап иіңкіре;
- омырау тұсын шығыңқы ет; - қанаттары мен құйрығының шеттерін айқын етіп бастыра түс; - аяқтарын және бұтақты мықтап қысып алған тырнақты, саусақтарын сал; - қара түсті төбесі мен алқымын, қанат - құйрықтарының ақ түс болатын жерін боя. Өз бетімен жұмыс 5) Сергіту сәті. 6) Танымыңды толықтыр Балалар, Жалғасын тап ойынын ойнайық. Мен мақалдың жартысын айтамын, сендер жалғастырыңдар. Жалғасын тап ойыны Қарға баласын аппағым дер Кірпі баласын … дер.
Жапалаққа күннен … жарық.
Ажалды қарға бүркітпен ….
Баба бүркіт барлап ұшады, Бала бүркіт … ұшады.
Қара құс басып жейді, Сұңқар … жейді.
7) Әр қатар бойынша тапсырма беру.
1 - қатар: Бейбітшілік құсы қандай құс?
2 - қатар: Әнші құс қай құс?
3 - қатар: Орман емшісі деп қай құсты айтамыз? Эссе жазу
8) Бекіту кезеңі
Топтастыру. Құстар қандай қасиетке ие?
ҚҰСТАР
9) Бағалау
10) Үйге тапсырма Әр оқушы өзі жақсы көретін құстың суретін салып келу.