Пәні: Физика және астрономия
Сыныбы: 7, 8 - класс
Физикалық кафе ойыны
1. Білімділік: Оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін жетілдіру, оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
2. Дамытушылық: Әрбір жеке тұлғаның ақыл – ойының дамуына көмектесіп, оқушылардың физика пәніне деген қызығушылығын арттыру және физика көкжиегін дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа және еңбекке үйрету.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес, ойын сабағы
Сабақтың әдісі: жеке, топтық
Сабақтың көрнекілігі: топшамалар, плакаттар т. б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Негізгі бөлім Физикалық кафе ойыны
ІІІ. Қорытынды. Жеңген топты анықтау.
Ойын шарты: Бұл сайысқа 8, 7 – сынып (а, б) оқушылары арасында өтеді. Әр сыныптан 3 оқушыдан қатысады. Топ аттары мен ұрандары болады. Даяшылар әр үстелге ас мәзірін алып барады, оқушылар өздері бірінші тағам, екінші тағам, салат, сусындар таңдайды.
Ас мәзірі
Салаттар
1. Физикалық ералаш . (логикалық сұрақ)
2. Физикалық қуғын (жұмбақ)
3. Физикалық винегрет . (есеп)
Бірінші тағам
1. Физкалық кеспе. (сөз құрастыру)
2. Тұшпара. (көрермендерге сұрақ)
3. Манты (сәйкестікті тағайында)
Екінші тағам
1. Физкалық палау (сұрақтар)
2. Лагман ( тәжірибе көрсету)
3. Котлет ( қимыл қозғалыс арқылы ситуациядан шығу)
Сусындар
1. Физикалық коктейль (жұмбақ, физикалық мағынасын ашу)
2. Шай ( Сұрақ, анықтама, өлшем бірлік)
3. Айран ( ғалымдар, қандай заң ашқаны)
1. Физикалық ералаш
1. Шәйнекте шикі су, екінші шәйнекте қайнатылған су. Екеуінің де температурасы бірдей. Қыздыру бірдей болғанда қай шәйнектегі су тез қайнайды?
Ж: 2 шайнек
2. Бір жұмыртқаны пісіру үшін 4 мин уақыт керек. 4 жұмыртқаны пісіру үшін неше мин уақыт керек?
Ж: 4 мин
3. Қалайша жұмыртқа 3 метрге ұшып жарылмауы мүмкін?
Ж: Жұмыртқаны 4 метрге лақтырса онда алғашқы 3 метрде жарылмайды.
4. Жердегі суды дымқыл шүберекпен сүрткен оңай ма, әлде құрғақ шүберекпен бе?
2. Физикалық қуғын.
1. Аса қажет өмірге халық үшін,
Пайдаланам күн сайын жарық үшін.
(электр тогы)
2. Бар жоғын білмейсің,
Онсыз өмір сүрмейсің.
(ауа - диэлектрик)
3. Жарқылдан соң жаңағы,
Суға бөкпі бар алып.
Көпке түрлі жолақты,
Өрнек тұрды ғаламат.
(кемпір қосақ)
4. Күндіз қасыңнан қалмайды,
Бірақ
Ешкім ұстап алмайды.
Қорқақ па?
Қараңғыға бармайды.
(көлеңке)
3. Физикалық винегрет . (есеп)
1. Өткізгіштің 0, 4 А ток күші өткенде, өткізгіштің ұштарындағы потенциалдар айырымы 8В болады. Өткізгіштің кедергісі неге тең?
Берілгені: ------------ Шешуі: ----------- Есептелуі:
I = 0, 4А --------------- I=U R; ------------ R = 8 0, 4= 20ОМ
U = 8В ----------------- R=U I;
R=?-------------------------------------------- Жауабы: 20Ом
2. 10 м тереңдіктегі судың қысымын табыңдар (ρ=1000 кг м3, g=9, 8 Н кг)
Берілгені: -------------------- Шешуі:
h=10 м ------------------------- P=hg ρ;
ρ=1000 кг м ³ ---------------- P= 10*1000*9. 8=98*10 ³Па
g=9, 8 Н кг
Жауабы: 98*10 ³Па
P=?
Бірінші тағам
1. Физикалық кеспе. (сөз құрастыру)
Электродинамика сөзінен физикаға қатысты сөздер құрастыру.
Жауабы: электр, динамика, электрик, электрон, атом, ом, анод, катот, ион, иондар, дене, метр, динамометр, т. б.
2. Тұшпара. (көрермендерге сұрақ)
1. Ньютонның 1687 жылы бүкіл әлемдік тартылыс заңының ашуына себеп болған не? Жауабы: алма
2. Қосарлап жегілген ат – арбамен Жантілеу 25 шақырым жол жүрді. Оның әр аты неше шақырым жүрді.
Жауабы: 25 шақырым
3. Қай кезде аспан жерден төмен тұрады?
Жауабы: Сәулесін судан көргенде.
4. Бақтиярдың 4 ұлы, олардың әрқайсысының туған қарындасы бар. Бақтиярдың неше баласы бар?
Жауабы: 5 баласы
4. Манты. (сәйкестікті тағайында)
Физикалық шама Формалалар Өлшем бірлігі
1 Уақыт ------------------- А -------- А Кг м ³
2 Жылдамдық ---------- Б ------- υ=s t Б Метр
3 Масса ------------------- В ------- m ₁υ ₁=υ ₂m₂ В Секунд
4 Күш ---------------------- Г -------- Г Метр
5 Көлем ------------------ Д -------- V=abc Д м с
6 Аудан ------------------- Е -------- s=ab Е м ²
7 Орын ауыстыру ------ Ж ------- Ж кг
8 Жол ---------------------- З -------- s=υt З м ³
9 Тығыздық ------------- И--------- ρ=m V И Н
Екінші тағам
1. Физкалық палау (сұрақтар)
1. Физика пәнінің қоғамдағы алатын орны қандай?
2. Егер сен физика пәнінің мұғалімі болсаң, физика сабағын қалай етіп өткізер едің?
2. Лағман ( тәжірибе көрсету)
1. Әр қайсысымыз шырпының 6 дәнін аламыз. Спичканың ұзындығына тең болатын тең қабырғалы төрт үшбұрыш жасау керек. Іске сәт!!!
3. Жел, құм және су.
Құм судан әлдеқайда ауыр болғанымен, неліктен жел судан гөрі оны жоғары көтере алады?
4. Котлет ( қимыл қозғалыс арқылы ситуациядан шығу)
1. Тең әрекетті күшті қимыл қозғалыс арқылы сипаттау.
Тапсырма1:
1. Бір түзудің бойымен бір бағытқа бағытталған күшті
F = F ₁+F ₂.
2. Бiр түзудiң бойымен қарама - қарсы жаққа бағытталған күшті
F = F ₁ - F ₂.
Тапсырма2:
Зат күйлері. Қатты денелердің молекулаларының орналасу тәртібін іс-қимыл арқылы көрсетіңдер. (сұйық, газ)
Сусындар
1. Физикалық коктейль (жұмбақ, физикалық мағынасын ашу)
1. Алтын теңге кетеді,
Күміс теңге келеді?
(Күн мен ай, табиғи жарық)
1. Табаныма байладым
Қос аяқпен айдадым.
(Шаңғы – сырғанау, үйкеліс күші)
2. Жылдың төрт мезгілінде
Мазасызданады ол неге?
(Жел – суық ауа мен ыстық ауаның алмасуы. Диффузия)
3. Отқа жанбас, суға батпас.
(Мұз – заттың қатты күйі)
1. Шай ( Сұрақ, анықтама, өлшем бірлік)
Тапсырма – 1:
1. Қысымның анықтамасы, формуласы, өлшем бірлігі?
Жауабы: Қысым - б±л бетке түсірілген күштің сол бетінің ауданына ќатынасына тең физикалық шама:
Мұндағы
р — қысым, F — қысым күші, S — аудан.
Өлшем бірлігі: Паскаль
2. Үйкеліс күші дегеніміз не? Оның қандай түрлерін білесіңдер, айырмашылығы қандай?
Жауабы: Бір дененің екінші бір денің үстімен қозғалғанда пайда болатын күшті – үйкеліс күші деп атаймыз.
Түрлері: домалау; сырғанау, тыныштық үйкелісі
Тапсыпма – 2:
1. Ток күші дегеніміз не, өлшем бірлігі, анықтамасы, формуласы
Жауабы: ток күші – өткізгіштің көлденен қимасы арқылы бір орыннан екінші бір орынға орын ауыстырған зарядтың сол уақыт аралығына қатынасын айтамыз. - ток күші.
ХБЖ - де ток күшінің өлшем бірлігі 1ампер.
2. Жылу берілудің неше түрі бар? Қандай, анықтамасы?
Жауабы: - конвекция;
- Сәуле шығару;
- жылуөткізгіштік;
3. Айран ( ғалымдар, қандай заң ашқаны)
● Исакк Ньютон
● Гук
● Паскаль
● Торричели
● Вольт
● Ампер Андре Мари.
● Г. Ом
ІІІ. Қорытынды. Жеңген топты анықтау.
Қатысқандарыңызға рахмет! Келесі кездескенше, сау болыңыздар!