Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Жақан Смақов Отан
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Оқушыларға Отан туралы түсінік беру. Отан өзінің тұратын жері ретінде түсіндіру.
Дамытушылық. Оқушылардың туған елі, Отаны туралы сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік. Оқушыларды Отанын сүйетін, патриот болуға тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, ой шақыру,
Көрнекілік: интерактивті тақта
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Психологиялық дайындық
Сәлем саған алтын күн!
Сәлем саған көк аспан!
Сәлем саған жер ана!
Сәлем саған достарым!
2. Үй тапсырмасын сұрау
- Балалар үйге қандай тапсырма берілді? Қартқожаның туған жері
- Мәтін не туралы?
- Осы мәтіннен кешкі ауыл көріністерін айтып беріңдерші?
- Қартқожаға кешкі ауыл суреті қалай көрінді?
- Өрістен қайтқан мал туралы не делінген?
- ауыл адамдары қандай қарбалас үстінде?
- Қартқожаға нелер қатты әсер етті?
- Ол өз туған жерін жақсы көрді ме?
- Өз туған жерін сүймейтін қандай адам?
( санасыз, ақылсыз, ақымақ, жетесіз,, зердесіз адам)
- Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Туған ел, туған жерсіз адамның күні жоқ.
- Балалар, Туған жерсіз адамның күні жоқ - дегенді қалай түсінесіңдер?
- Туған ел, туған жер деген сөздер адамның жүрегіне жылы әсер етеді.
- Туған елін, өскен жерін сүю әр адамның парызы.
- Әр адам туып өскен жерін аялайды, қастерлейді, қорғайды, мақтан тұтады
3. Ой шақыру
- Ал енді осы туып - өскен жерімізді тағы қалай атауға болады? Отан
- Отан деген не? ( оқушылардың пікірін тыңдау)
4. Топтастыру 1 слайд
Міне балалар осының барлығы әр адамның кішкене отаны. Осындай кішкене отандардан кең Отан шығады.
- Ендеше менің, сенің, біздің туған еліміз, туған жеріміз қалай аталады?
- Иә балалар. Біздің Отан анамыз Қазақстан республикасы
Біздің ата -*бабаларымыз, әкелеріміз Қазақстанда туып өсті. Бізде осында туып өстік. Өз ана тілімізде сөйлейміз. Мұндағының бәрі бізге етене жақын. Сондықтан оны біз Отанымыз дейміз. Отанымыз бізді нанымен, суымен асырады. Дүние жүзінде Қазақстаннан басқа мемлекеттер көп. бірақ ана әр адамда біреу – ақ. Ендеше Отан - ана да ол үшін біреу. Қазақстанның көп бөлігін далалы жерлер алып жатыр. Жеріміздің ұшы – қиыры жоқ байтақ даласы, жасыл ормандары, халық дастарханын ақ нанға толтырған егістігі, суы мөлдір өзендері, пайдалы қазбалары өте көп.
Қазақстанда басқа ұлттың өкілдері де көптеп тұрады. Олар бір - бірімен тату – тәтті. ( слайд 2)
- Ал енді осы Қазақстан қандай ел? (тәуелсіз, егеменді)
- Еліміз егемендігі қашан алды? (1991 ж 16 желтоқсан)
(Слайд 4 түсіндіру)
- Отанымыздың астанасы қай қала?
- Қазақ халқын басқа ел қайдан біледі?
( Елтаңба, әнұран, туымыз арқылы )
5. Картамен жұмыс
- Тақтадан не көріп тұрмыз балалар?
- Бұл Қазақстанның картасы
- Неше бөліктен тұрады?
- Астана қай жерде орналасқан? ( солтүстікте)
- Біздің тұрған жеріміз ше? (Қарағанды облысының территориясы, негізінен, Сарыарқаның орта бөлігіне орналасқан)
6. Сөзжұмбақ шешу
- Қазір бізге балалар сөзжұмбақ берілген. сол сөзжұмбақты шешу арқылы біз бүгінгі сабағымыздың тақырыбын білеміз
1. Ұлттар бірлігі, татулығы
2. Мемлекеттік рәміздеріміздің бірі
3. Ұлттың аты
4. Сені өмірге әкелген мейірімді жан
Қара түсті торкөздің ішіндегі сөзді бәріміз дауыстап оқиық. Отан
- Ендеше балалар бүгін біз сендермен белгілі балалар ақыны Жақан Смақовтың отан деген өлеңін өтеміз. Жазушы ағамыз өзінің Отанға деген ыстық сезімін өлеңмен жеткізеді
- ( Дәптерге күнді жазып, тақырыпты жаздыру)
(автор туралы түсінік беру)
Смақов Жақан Смақов Жақан (1932 - 1974)
Смақов Жақан 1932 жылы Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы, Ынталы ауылында туған. Сол жерде орта мектепті бітіргеннен кейін Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің журналистика бөлімін бітірген. Алғашқы өлеңі де сонда оқып жүргенде жазылған. Мені балалар тақырыбы әрдайым қызықтыратын - деп жазыпты ол өзінің қысқа ғана өмірбаянында. 1953 жылы партия тың жерді игеру жұмысын қолға алғанда, Пионер журналында Арам шөп пен бидай деген алғашқы өлеңі шықты.
Жақан Смақовтың елуінші - алпысыншы жылдары Сыйлық , Қаз - қаз бас , Жастық сыры , Ойындар мен жұмбақтар , Күлдірген , Сылдырмақ , Жүз бір жұмбақ , Қарақат , Тамшы деген өлеңдер жинағы басылды. Бұлардан басқа Біздің атай Түсекең, қартаймайтын кісі екен , Менің бөпем , Ғажайып бұлттар , Саяхат деп аталған сурет кітапшаларын бастырды.
Жақан Смақовтың нағыз балалар ақыны екенін оқырмандарына әбден танытқан кітабы - Жалын баспасы 1976 жылы шығарған Жаңғырық атты таңдамалы өлеңдер жинағы. Талапай - кітабы да (1984) қазақ балалар әдебиетіне қосқан жаңалық ретінде қабылданды.
Ақын поэзиясының айрықша бір саласы - жұмбақтары. Бұларда мәнді мазмұн, тапқырлық, көркемдік сырлары бар.
Осы тәрізді жұмбақтарын оқи бергің келеді. Ж. Смақовтың қазақ балалар әдебиетіне енгізген тағы бір жаңалығы - әсерлі, әрекетті ойындар. Бұл ретте халықтың Соқыр теке , Талапай сияқты ойындарын да шебер жандандыра білген.
Ақын жұмбақ, жаңылтпаш, ойын өлеңдерінде балдырғандарға тіл үйрету жағын қатты қадағалаған, мақсатты мағына беріп жазған.
Жақан Смақовтың шығармаларын оқыған адам оның тумасынан бөлек жанын ұғып, тілін біліп, сырласуға жаралған дарынды ақын екеніне көңілі әбден сеніп, көзі әбден жетеді.
Қалам ұстағаннан балаларға, әсіресе балдырғандарға арнап өлең жазған ақын, өзіндік ерекшелігі танылған шағында, денсаулығы нашарлап, қырық екі жасында қайтыс болды
7 – слайд
ІҮ. Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
Қанат қағып алайық.
Аққу болып ұшайық,
Ұшып - ұшып алайық.
Көлде жүзген балықтай,
Жүзіп - жүзіп алайық.
Шаянға ұқсап былпылдап,
Қане айнаға қарайық.
7. Оқулықпен жұмыс
А) мұғалімнің оқуы
Ә) оқушылардың оқуы
Б) осы өлеңді ақын қандай көңіл күнмен жазған деп ойлайсыңдар?
В) Ақын отанды неге теңейді?
8. Дәптермен жұмыс
Өлеңді пайдаланып Отанға, аспанға, тауға, гүлге қатысты көркем сөздерді тауып жазу
Отан – Ұлы Отан, мөп - мөлдір аспан, асқар тау, қауызын ашқан гүл.
9. Поэзия минуты
Қазақстан Отан туған жер туралы өлең тақпақтарын сұрау, жазған эсселерін оқу
10. Жалғасын тап ойыны
1. Отан үшін отқа түс..........
2. Отанды сүю -...................
3. Отансыз адам -................
4. Отан оттан да..................
11. Қорытынды
- Сонымен балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
- Несімен? - Отан деген не?
- қазір тақтаға күн шығады. Сол күннің сәулесіндегі теңеулерді барлығымыз бірге айтамыз.
Қонақжай
Баршамызға қымбат
Батыр
Кең пейіл
Көп ұлтты
Өнерлі табиғаты тамаша
Қарқынды даму үстінде
- Бұл туы көкте желбіреп, шыңдары аспанмен таласқан біздің отанымыз Қазақстан Республикасы
Өз Отандарыңның көркеюіне сендер қандай үлес қосудасыңдар?
- Мектепке келіп, сабақты жақсы оқып, тәрбиелі болу
Үйге тапсырма
Тақпақты жаттау. 8 тапсырманы үйде орындау
Бағалау