Электр өрісінің кернеулігі

Скачать

Тақырып: Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі.
Мақсаты:
Білімділік: Алғашқы түсініктер мен ұғымдар қалыптастыру және бекіту: өріс, электр өрісі, кернеулік – электр өрісінің күштік сипаттамалары, физикалық мағынасы, есептеу формуласы, өлшем бірлігі.
Дамытушылық: Оқушылардың монологтық және диалогтық сөйлеу мәдениетін дамытуға күш салу
Тәрбиелік: Жауапкершілікке, ұқыптылыққа, өз ойын дәйекті баяндай білуге баулу
Көрнекі құралдар: Слайдтар, бейнефильмдер, жеке карточкалар
Сабақ жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі, үй жұмысын тексеру Тест - сурет .
ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру, презентация, бейнефильмдер.
ІІІ. Есеп шығару, жеке карточка бойынша өздік жұмыс.
IV. Қорытындылау

Сабақ барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі, үй жұмысын тексеру.
Тест - сурет
Металл таяқшаны түсіргенде электроскоптардың жапырақшалары қалай орналасады?

Екінші шардың зарядын анықтаңыз

ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру ( презентация, бейнефильмдер)
Зарядталған денелердің өзара әрекеттесуі қалай жүзеге асады?
Эксперимент жүзінде тағайындалған Кулон заңы зарядтардың өзара әрекеттесуін сандық тұрғыдан білдіреді, бірақ "Бір зарядтың басқасына әрекеті қандай жолмен беріледі, бүл өзара әрекеттесудің табиғаты қандай?" деген сұрақтарға жауап бермейді.
Тәжірибелер кез келген зарядталған дененің айналасында заттан ерекшеленетін, электр өрісі деп аталатын кеңістік бар екенін көрсетеді. Осы өрістің жәрдемімен электрлік өзара әрекеттесу жүзеге асады. Электр өрісі ұғымын ағылшын ғалымдары М. Фарадей жөне Дж. Максвелл енгізді.
Электр өрісі материяның айрықша бір түрі болып табылады. Біз затты көріп, сезетін болсақ, ал электр өрісін сезім мүшелеріміздің көмегімен қабылдай алмаймыз. Ол тек зарядталған денелер әрекетінен ғана байқалады.

Зарядталған денелердің айналасында электр өрісінің әрекеті күштірек, ал олардан алыстаған сайын өріс әлсірейді. Сынақ заряд деп аталатын оң бірлік заряд қолданылады және оның өз өрісі еленбейді.
Заряд бірлігіне әрекет ететін күшке тең қатынасы электр ерісінің күштік сипаттамасы болып табылады және осы нүктедегі электр өрісінің
кернеулігі деп аталады.
Нүктелік зарядтың электр өрісінің кернеулігі өріс көзінің q0 зарядының модуліне тура пропорционал және q0көзден өрістің осы нүктесіне дейінгі арақашықтықтың квадратына r2 кері пропорционал. S1 жүйесінде кернеулік формуласы төмендегідей болады:

Электр өрісінің күш сызықтары деп өрістегі оң зарядталған бөлшекке әрекет ететін күштің бағытын көрсететін сызықтарды айтады.
Күш сызықтарының міндетті түрде басы мен аяғы болады немесе шексіздікке кетеді.
ІІІ. Есеп шығару,
15 жаттығу, № 4, 5, 6
Жеке карточка бойынша өздік жұмыс
3. 60. 2 • 10 - 8Кл зарядтан 2· 10 - 2м қашықтықтағы өрістің кернеулігі қандай?

3. 61. Нүктелік зарядтан 0, 15 м қашықтықтағы өрістің кернеулігі 50 В м. 0, 3 м қашықтықтағы өрістің кернеулігін табыңдар.

3. 62. Электр өрісінің бір нүктесіндегі 0, 2 мкКл зарядка 0, 015 Ηкүш әрекет етеді. Осы нүктедегі ерістің кернеулігін анықтаңдар.

3. 63. Бір нүктедегі электр өрісінің кернеулігі Е = 0, 4 кН Кл. Өрістегі q = 4, 5 • 10 - 6 Кл зарядка әрекет ететін күшті анықтаңдар.

Үй жұмысы: 15 жаттығу, № 3
IV. Қорытындылау

Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі. жүктеу


Скачать


zharar.kz