Математика 1 сынып
Тақырыбы: Бекіту сабағы.
Сабақтың мақсаты: қосу және азайту тәсілдері жөніндегі оқушылардың білімдерін бекіту. Оқушылардың өз беттерінше жұмыс істеу арқылы шығармашылық ойларын өсіру, қорытынды жасай білуге дағдыландыру.
Дамытушылығы: ойлау қабілеттерін дамыта отырып, математикалық біліктерін, ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, зерделеу, қиялын ұштап, білімін шыңдау.
Тәрбиелілігі: алға қойған мақсаттарына жетуге, шапшаңдыққа, өз бетінше тапсырмаларды орындап, нәтижеге жете білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ойын сабағы.
Әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, түсіндіру, көрнекілік, ауызша, жазбаша.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық.
- Амансың ба, жер ана,
- Амансың ба, көк аспан,
- Амансың ба, адал дос,
- Жылуыма жылу қос.
2. Жаңа сабақ.
- Балалар, қазір қай мезгіл?
- Қыс айларын ата.
- Қыстың екінші айы?
- Жаңа жауған таза?
- Қыста болатын ызғарлы суық –
- Аяздың әсерінен қатқан су –
- Салқын ақ ұлпа –
Қардан не жасап ойнаймыз?(аққала)
Бүгін табиғат аясында демаламыз. Күн сондай тамаша екен. Енді ойынға кірісейік, ол үшін тапсырмаларды орындауымыз керек.
1. Енді, балалар аққала жасайық, ол үшін мына сандардың көршісін табамыз.
... 8...,... 5...,... 2...,... 9...,... 3...,... 10...
Аққаламыз әдемі болып шықты.
2. Егер мына сандарды дұрыс орындасаңдар, шыршаны орналастырамыз.
6+4 4+6 10 - 6 10 - 4
- Қосу амалының компоненттерін атайықшы, балалар?
Қосылғыш+қосылғыш= қосындының мәні.
Өрнектегі екі мысалдың бір - бірінен қандай айырмашылығы бар?
Қосылғыштардың орны ауысып тұрғанын анықтады.
Қосынды неге бірдей?
Қосылғыштардың орны ауысқанымен, қосындының мәні өзгермейді деген ережені өздері қорытып шығарады.
- Балалар қосуды қандай амалмен тексереміз?
10 - 6=4
10 - 4=6
- Азайту амалының компоненттерін ата.
Азайғыш - азайтқыш= айырманың мәні.
Жақсы, балалар мысалды дұрыс орындадыңдар.
3. Суретпен жұмыс. Кім дұрыс орындаса, таудан шанамен сырғанайды.
Көк шар - 4 – еуі артық
Қызыл - 3
Қайсысы артық? Нешеуі артық?
4 3 4 - 1=3
4. Сергіту сәті.
Оң қолында бес саусақ,
Сол қолында бес саусақ,
Алақанды ашайық,
Беске бесті қосайық.
5. Кітаппен жұмыс.
Есепті дұрыс шешкен бала шаңғы тебеді.
- Балалар, есепті оқып шығару жолдарын түсіндіреді.
- Есеп не жайлы айтылған?
- Есепте не белгілі?
- Есепте не белгісіз?
Жоғарғы – 10? артық
Төменгі – 4
Шешуі: 10 - 4=6 жолаушы.
Жауабы: жоғарғы қатарда 6 жолаушы артық.
Есеп қандай амалмен шығарылады?
Есеп азайту амалымен шығарылады.
6. – Балалар, коньки тебуді білеміз бе?
– Ендеше, коньки тебуге барамыз. Кітаппен жұмыс. Тапсырма өлше, салыстыр.
5 - 2=3
- Балалар, дәптерге кесінді сызып, салыстырады.
7. Өрнекті салыстыру.
6+4*10
5*10 - 6
10 - 2*8
5+4*10
4+4*7
Бекіту.
Бір аптада неше күн бар?
Он неше таңбалы сан?
Сегіздің құрамын ата.
- Балалар, сабақтан алған әсерлерін қандай?
Қыс көрінісі . Рефлексия.
Балалар өз тілектерін айтып, ақшақар жапсырады.
Бағалау.