Бағдарлау - мотивациялық кезең:Психологиялық дайындық:Білем деме, баламБілмейтінің көп шығарБұл дүниеде сірә, Бәрін білген жоқ шығарҚызығушылықты ояту:Көл еркесі қандай құс

Скачать

4 сынып, қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздер
Сабақтың мақсаты: күрделі сөздер тақырыбын тірек - сызба бойынша меңгерту, өз бетімен жұмыс жасату арқылы білімдерін толықтыру
Дамыта оқытудың тиімді әдіс – тәсілдерін пайдалана отырып, біріккен сөздер тақырыбы бойынша оқушылардың теориялық ойлау қабілетін дамыту
Оқушылардың сөздік қорын молайту, көркем жазуды жетілдіру

Сабақтың принциптері: ғылымилық, көрнекілік, жүйелілік
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, талдау, салыстыру
топтау, жинақтау, дәлелдеу

Сабақтың барысы:
I. Бағдарлау - мотивациялық кезең:
Психологиялық дайындық:
Білем деме, балам
Білмейтінің көп шығар
Бұл дүниеде сірә,
Бәрін білген жоқ шығар
Қызығушылықты ояту:
Көл еркесі қандай құс?(аққу)
Аққу тақырыбында мәтін құрастыру

II Операциялық - орындаушылық кезең:
Алғашқы буынмын
Көшті бастар ұшымын
Сосын тоғай, нуыңның
Жыртқышының бірімін
Екеуін қоссаң, ірімін
Көп аңдардың бірімін (жол барыс)

Бас буынмын - батырмын
Зат есімнен келесі
Талай асқа батырдың
Біріктіріп екеуін
Еліңде ағып жатырмын ( ер тіс)

Бастайтыным сан неше?
Қостайтыным бір мүшең
Енді келер жалғасым
Асқа күнде саларсың
Бәрін қоссаң табасың
Қазақстанның қаласын (екі бас тұз)

4. Ши құдық негізгі мектебінің тапсырмалары
Еңбекке баулу пәні бойынша Төртқұлақ оюын қию

1. Күрделі сөздердің жасалу жолдары

Бір не одан да көп түбірдің бірігуі
Сөздердің тіркесуі арқылы
Сөздердің қосарлануы

Көлбақа ----------- ұлпа қар ----------- үйір - үйір
Балмұздақ ---------- ағаш қасық --------- ата - ана
Қараторғай ------------ самал жел ----------- дәрі - дәрмек

2. Қараой негізгі орта мектебінің тапсырмалары:
А) Суретті жұмбақ
Бір+қазан, түйе+құс, Екі+бас+тұз т. б.

Ә) ережені оқушылар өздері шығарады
Екі не одан да көп түбірден жасалған сөздер біріккен сөздер деп аталады

3. Ақшатау негізгі мектебінің тапсырмалары:
А) оқулықпен жұмыс 226 жаттығу
Ә) жұмбақ шешу
5. Қоңырат негізгі мектебінің тапсырмалары
А) көркем жазу жұмысын жүргізу
Ә) оқулықпен жұмыс 227 - жаттығу

6. Екпетал негізгі мектебінің тапсырмалары
Бұл қандай өсімдік?
Өз жерімізде кездесетін өсімдік. Оның дәрілік қасиеті бар, адамға шипалы, қайнатып тұнбасын ішеді. Бұл қандай өсімдік? (Итмұрын)

7. Мектепке оралу (ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ДИКТАНТ)
- Біз саяхатқа шыққан жерлерді атап шығыңдар
- Қараой, Ақшатау, Қоңырат, Екпетал
- Бұл сөздердің жасалу жолдарын түсіндір

Рефлексиялық - бағалау кезеңі:
Рейтингілік жүйе бойынша бағалау
Үйге тапсырма 228 жаттығу


Скачать


zharar.kz