Алматы облысы, Талғар қаласындағы
№7 мектеп - лицейде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Дарменқұлова Ғалия
Сабақтың тақырыбы: Мәтін және стиль
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Мәтінді танып, талдау. Әр мәтіннің тілдік сипатымен өзіндік құрылым, түзілім ерекшелігін білуге үйрету;
2. Дамытушылығы: Мәтінді талдау барысында грамматикалық тұлғаларға назар аудару, тілдік бірліктердің қызметін анықтауға көңіл бөлу;
3. Тәрбиелілігі: Автор еңбектерін (көркем шығарма, газет - журнал мақалалары, ғылыми зерттеу жұмыстары, ресми іскерлік хат жазбалары) зерделеп, талдап қарастыру, мәтін мен стиль арасындағы байланысты анықтау.
Сабақтың әдіс - тәсілдері:
1. Модуль құрылымымен таныстыру.
2. Жаңа тарауды тірек сызбалар арқылы түсіндіру.
3. Оқулықпен, дәптермен жұмыс.
4. Шығармашылықпен ізденіске баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Сөзжұмбақ, ертегі, ребус құру, даналық ағашы, кеспе қағаздар, презентация
Пайданалынатын әдебиеттер:
1. М. Жанпейісова Модульдік оқыту технологиясы
2. Қ. Ибрагимов, Б. Базарғалиева. Қазақ тілі Оқулық тест, Алматы Шың , 2007
3. Б. Хасанов, А. Қасымбек Қазақ тілі 9 - сынып, Арман - ПВ , 2013
4. Білім беру технологияларының нәтижеге бағдарланған білім берудегі ерекшеліктері (Әдістемелік нұсқау) Алматы, 2006
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Модульдің құрамын, мақсатын, міндетін түсіндіру
III. Мәтіннің түрлері: Сипаттау, баяндау, пайымдау
IV. Кітаби тілдің стильдік тармақтары: Ауызекі сөйлеу стилі, ресми стилі, ғылыми стиль, көркем әдебиет стилі, публицистикалық стиль
V. Үй тапсырмасын сұрау: 13 - жаттығу. Ұлылар сөзін түсіндіріп, ойын жазу
VI. Мәтінді құру (автор) Мәтінді қабылдау (оқырман)
Келтірілген тақырыпқа орай автор мәтінді құру барысында белгілі бір дерекке, мәліметке сүйеніп, ойын жүйелі жеткізуді жоспарлайды. Автор ой - тұжырымын қорытып, тілдік бірліктерді (сөз, сөз тіркесі, сөйлем) іріктеп қолданады, мәтінді жазады. Оқырман өз ойын, автордың айтпақ ойын салыстырады. Бұл үшін әрбір сөздің лексика - грамматикалық және стильдік сипатын талдап, білуге ден қояды.
VII. Мәтіннің жоспарлары
Жоспар:
• Айтылатын ойды жинақтап, реттеу;
• Мәтін мазмұнын ашу;
• Бағдарлы жұмыс істеу;
• Ойын жеткізу
22 - жаттығу
Төмендегі жоспар негізінде мәтін құру.
Достық – қасиетті ұғым.
Достарым – мейірімді тамаша жандар.
Бағалау керек достықты!
Синтаксис сөз тіркесі мен сөйлем құрылымын зерттейді.
Стилистика синтаксистік бірліктердің жұмсалу аясы экспрессивті мағыналары, адамға әсер етуі менорынды дұрыс қолданылуы қарастырылады.
Мәтін – айтылатын ойдың жазбаша көрінісі.
Дискурс – белгілі бір жүйеге түскен оқиғасы қатысушылары бар қолданыстағы мәтін ( сахна, кино, радио, теледидар т. б. )