Аяқты алшақ қойып тұру қалпынан алға домалап түсу

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Гимнастикалық жаттығулар , “Акробатикалық жаттығулар”
Мақсаты:
1) Оқушыларға жаңа сабақты толық меңгерту.
2) Қимыл-қозғалыс әрекетін дамыту.
3) Ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Өтетін орны: Спорт зал
Керекті құралдар: Гимнастикалық төсеніштер, ысқырғыш, мультимедиялық тақта.т.б
Әдісі: Түсіндірме, практикалық
Түрі: Жаңа сабақ

Ұйымдастыру бөлімі: 10-12мин
1. Сапқа тұру
2. Мәлімдеме қабылдау, түгендеу
3. Саптық жаттығулар
4. Алаңды жүру және жүгіріп өту, денені қыздырынатын әр түрлі жаттығулар орындау
5. Орындарында тұрып орындалатын жаттығулар, Қара жорға биімен көрсету;
Негізгі бөлімі: 20-25 минут

1. Сапқа тұру
2. Жаңа сабақты түсіндіру,тақырып пен мақсатымен таныстырып өту.
3. Көрнекілік суреттер арқылы түсіндіру, практикалық түрде орындап көрсету.
4. Оқушыларға жаңа сабақ жаттығуларын орындату.
5. оқушыларға сұрақ беру арқылы

1- жаттығу.Аяқты алшақ қойып тұру қалпынан алға домалап түсу.
2-жаттығу.Алға қарай домалап түсіп, түрегелу және қарсы лақтырылған волейбол добын қағып алу
3-жаттығу Қолды тіреп отыру және төмен басылып отыру қалпынан артқа қарай домалап түсу.
4-жаттығу Артқа домалап, жаурынға тұру.
5-жаттығу Қарлығаш бейнесін салу.
6-жаттығу Көпір салу
7- жаттығу Аяқты кеуде тұсқа құшақтай отырып алға қарай домалап түсу.
8. Акробатикалық эстафеталар ойыны:

Қорытынды бөлімі. 5-минут
1. Сапқа тұру
2. Үйге тапсырма “Акробатикалық жаттығуларды түлерін орындау”
3. БҮҮ-стратегиясы: Бағалау


Скачать


zharar.kz