Денсаулық - басты байлық (Отбасылық спорттық мереке)
Мақсаты: Салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбилеу.
Қажетті құралдар: Ат, доға, су, тырна бейнесі, шығыршық, қаптар, жіптер, жіпке ілінген балықтар, себеттер, бас киім, шәркей, доптар.
Жүргізуші: Қадірменді ата - аналар, балалар, балабақша қызметкерлері! Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай,“Салауатты өмір салтын” ұстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан - жақты жетілген, парасатты, мәдениетті, дені сау азамат өсіру отбасының, балабақшаның жалпы халықтың қасиетті борышы екені баршамызға аян. Балабақшамыздың да негізі мақсаты болашақта жас ұрпақты халқына қалаулы, ата - ананың мақтанышы, дені сау, сымбатты, шыныққан адамгершілігі мол азамат етіп өсіріп тәрбиелеу. Соның бір шарасы “Денсаулық - басты байлық” атты отбасылық сауықтыру сайысына қош келдіңіздер. Бүгінгі сайысқа “Балбөбек”,”Айгөлек” тобы ата - аналары қатысқалы отыр. Сайысқа қатысушы сайыскерлерімізді қол шапалақтап, ортаға шақыралық.
“Балбөбек” тобы: Ұраны: Біріміз бәріміз үшін, Бәріміз біріміз үшін,
“Айгөлек” тобы: Ұраны: Намысты қолдан бермейміз, бермейміз.
Жүргізуші: Бала өсірген ата - ана,
Бала болып ойнайды,
Бала тәрбиелеген тәрбиеші,
Бала болып ойлайды – деп сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Жүргізуші: Ат өнері білінбес,
Бәйгеге түсіп жарыспай.
Ер өнері білінбес,
Қоян - қолтық алыспай. “Ат жарысқа” кезек берелік.
Шарты: Әр топтан әкесі атқа мініп шауып өзеннен жүзіп өтіп, тау басында тұрған ананы үңгір астынан өткізіп, алып шығып, өзеннен бірге жүзіп кері мінгесіп келеді.
Жүргізуші: Қалма жұрттың соңында,
Қажет болса мың атта.
Аздық етер оның да,
Жету үшін мұратқа.
“Тез адымда” сайысы.
Шарты: Бас пен аяқ киім киіп, (ыңғайсыз) себеттен - себетке доптар тасу.
Жүргізуші: Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші. Ептісі деп сайыстың жүрейікші.
“Кім епті” сайысы.
Шарты:
А) Үңгір астынан өту.
Ә) Жіппен секіру.
Б) Қап киіп, қос аяқпен секіру.
Жүргізуші: Топ болып біз жүрейік,
Ойнайық та күлейік.
Достық деген тамаша,
Міне тұрмыз жараса!
“Балық аулау” сайысы.
Шарты: Бастарына тырна бейнесі бар бас киім киіп, шығыршыққа ілінген балықтарды жылдам себетке тасып салу.
Жүргізуші: Жарқын, шаттық заман болсын,
Отбасымыз аман болсын.
Сыйластық пен бірлік болып,
Әрқашан орта толсын.
(Қорытындылау, мадақтау).