Сабақтың тақырыбы: Көбелекті салу жолдары
Бейнелеу өнері 2 - сынып
Мақсаты: Нәрсенің формасын, түсін, көлемін таба білуге бейімдеу. Ой – қиялын дамыту. Оқушыны табиғатты, қоршаған ортаны бақылауға үйрету. Компьютермен таныстыру. Paint программасы.
Қажетті құрал – жабдықтар: Қарындаш, қылқалам, акварель бояулары, компьютер.
Көрнекілігі: Үлгі суреттер, компьютер.
Барысы: 1. Ұйымдастыру.
2. Кіріспе.
3. Жаңа сабақ.
- Қоршаған орта табиғат өзінің гүл, өсімдіктерімен, жан – жануарларымен, неше түрлі мың құбылған бояуымен, әр түрлі формаларымен бізді таң қалдырады. Табиғат өзі суретші. Жазда біздің айналамызда көптеген жәндіктер, көбелек, инелік, қоңыздар ұшып жүргенін талай көргенбіз. Бір сәтке көзімізді жұмып, қиялмен гүл толы қырға, жазғы жайлауға “ шығып кетейік”.
(Компьютерден презентацияның 1 – көрінісі) Ұшып жүрген көбелектер.
Компьютер бетінде гүлдер үстімен қанатын қағып ұшып жүрген сан түрлі көбелектер пайда болады.
Жадыраған жаз. Көк шалғын шөптерде неше түрлі жәндіктер жорғалап жүр. Жайқалған гүлдер қандай, қызыл, сары, ақ гүлдер. Осы гүлдердің ортасында бірінен – біріне ұшып, қонып көбелектер жүр. Гүлдер қандай әсем болса, сол гүлдерге ұқсас көбелектер де алуан түсті, пішіні де гүлге ұқсас. Сан құбылған қанаттарын қағып, табиғатты одан сайын сұлуландыра түседі.
(Компьютерден презентацияның 2 – көрінісі) Көбелек түрлері.
Компьютер бетінде алуан түсті, алуан түрлі көбелек түрлері ашылады.
1. Балалар, көбелектің қанша түрін көріп тұрсыңдар?
2. Түрлері мен түстері қандай екен?
3. Қанатының өрнектері қандай?
Сұрақ қою арқылы көбелек пішіні туралы мәлімет беремін.
(Компьютерден презентацияның 3 – көрінісі). Көбелекті салу жолдары. 1; 2; 3.
Компьютерден көбелекті салудың үш жолы кезекпен көрсетіледі.
Сыныпқа тапсырма. Өзім тақтаға көбелекті салу жолдарын салып тұрып, суретті қағазға орналастыру, сыртқы нобай, формасын тұрғызу, оны акварельмен бояу әдістерін түсіндіремін. Оқушылар осы уақыт бойына суретті ілесіп орындайды..
Үй тапсырмасын тексеру. Бағалау.
Сергіту “Көбелек” әнімен оқушылар сергіту жаттығуларын жасайды.
Көбелектің көбін – ай,
Жасылын – ай, көгін – ай.
Әттең, ұстап алар ем,
Қармағымның жоғын – ай.
Қорытынды. Аяқтаған жұмыстарды талдаймыз.
Бағалаймын.
Үйге тапсырма.
Көбелекті салу кезеңдері: 1. 2. 3.