Ғажайыптар әлемі

Скачать

Тақырыбы: География және әлем
Мақсаты: Оқушылардың географиядан алған білімдерін тереңдету, өткен тақырыптары бойынша білімдерін пысықтау, оқушының ой өрісін кеңейту. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Жоспары:
І. Таныстыру
ІІ. Бәйге
ІІІ. Ғажайыптар әлемі
ІV. Адасқан нысандар
V. Картогрофтар сайысы
VІ. Географиялық лото

Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер,- деп бүгінгі сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Армысыздар құрметті жиылған қауым, ардақты ұстаздар, қадірлі қонақтар! Бүгінгі География және әлем атты сайысымызға қош келдіңіздер.
Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпаз болу – шарты сол.
Еңбек етіп жалықпай,
Сәтті сапар тілеумен.
Сайысты біздер бастайық.
Көрсетіңдер өнерді,
Қарап қалма жасқанып.
Ал, оқушы, ұстаздар
Ортаға назар салайық.
Сайыскерлер шықпақ сайысқа,
Қол соғып қарсы алайық,-
Ал олай болса сөз кезегі сайыскерлерге беріледі:
І - тур. Таныстыру.
Әділ қазы алқасынан таныстырудың ұпй санын сұраймыз.
ІІ – тур. Бәйге.
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз,
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге, бәйгені бір көріңіз.
Сайысымыздың 2 - кезеңі – Бәйге . Бұл кезеңде әр топқа жеке – жеке 5 сұрақ қойылады. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Дайын болсаңыздар сайысымызды бастаймыз, мұқият болыңыздар!
1. Ең кіші материк (Аустралия)
2. Ең кішкентай құс (Калибри)
3. Ең кіші мұхит (Солтүстік мұзды мұхит)
4. Ең үлкен арал(Греландия)
5. Ең терең шұңғыма(Мариан)

1. Ең тұзды теңіз (Қызыл теңіз)
2. Ең биікте орналасқан астана (Ла - Пас)
3. Ең тұзды мұхит (Атлант)
4. Ең терең, ең үлкен шатқал (Колорада)
5. Жер шарындағы ең биік тау(Гималай)

1. Ең ұзын өзен (Ніл)
2. Ең үлкен түбек (Арабия)
3. Ең терең шұңғыма (Мариан)
4. Ең биік шың (Джомолунгма)
5. Ең көлемі үлкен теңіз(Филипин)


Скачать


zharar.kz