Музыка жетекшісі: Рахметова Әдемі
Музыка әуенімен балалар залға кіріп, орындықтарының жанына келіп тұрады.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар, балалар! Бүгін біз Қазақстан халықтарының тілдер мерекесіне арналған Менің ана тілім атты тақырыптық оқуымызды сіздермен бөліспекпіз. Балалар, бір сәт назарымызды экранға аударайық...
Тіл туралы слайд көрсетіледі
Жүргізуші: Балалар, осы экраннан көрген ұлт өкілдері бізге қонаққа келіпті. Қонақтарды қарсы алайық... (залға қазақ, қырғыз, ағылшын, қытай, орыс, өзбек, монғол костюмдерін киген балалар келіп тұрады)
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, қонақтар, төрлетіңіздер! (костюм киген балалар өздері киінген ұлт тілінде амандасып, орындарына жайғасады)
Жүргізуші: Қадірлі, бағасы алтын ана тілі
Сенімен бағаланған бала түрі
Төрт бөліп түн ұйқысын жұбатам деп
Сенімен әлдилеген анам мені – дей келе бүгінгі оқуымызға арнаған балаларымыздың өлеңдерін тамашалайық...
Айбек: Ақыл ойын дананың
Ана тілден аламын.
Ана тілім ардақты,
Ақ сүтіндей ананың.
Гауһар: Туған тілім тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.
Алинұр: Сүйемін туған тілді ана тілім,
Бесікте жатқанымда - ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутым сол,
Құлағыма сіңірген таныс үнін.
Айдана: Әлдилеген анамның,
Аясында шалқыдым.
Ана тілі өлеңім,
Тербетеді бөбегін.
Бейбарыс К.: Өсірген ой білімді,
Сүйем туған тілімді.
Мақсат еткем әр сөзді,
Мәнін терең білуді
Анамның тілі әні
Жүргізуші: Рахмет, ботақандарым. Адамзат мәдениетінің негізі – тілде. Кез - келген ұлттың басты ерекшелігі – оның ана тілінде жатыр. Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Келесі балаларымыздың өлең шумақтарына кезек берейік...
Бағжан: Ана тілі ақылшым,
Асыратын қиядан.
Малтып жүріп тереңін,
Маржандарын теремін.