Туынды етістіктерді тап

Скачать

Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Болымды, болымсыз етістік
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Етістік туралы білімдерін пысықтау, оның болымды, болымсыз түрлерімен таныстыру;
Дамытушылық: Оқушылардың ақыл - ойын, байқағыштық қасиеттерін дамыту, сөздік қорларын байыту;
Тәрбиелік: Оқушылардың ана тілдерін құрметтеуге, бір - бірін сыйлауға, тыңдауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың типі: активстудио

Сабақтың барысы:
І. Психологиялық дайындық
Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым дара тілім.

ІІ. Үй тапсырмасы:
А) 27 - жаттығу:
- Жалғасын тап.
- Туынды етістіктерді тап.
Ә) ЕТІСТІК
НЕГІЗГІ ТУЫНДЫ
*Түбір сөзден болған етістікті негізгі етістік дейді.
*Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған етістікті туынды етістік дейді.
Б) Суреттегі заттарды ата. Олар қай сөз табынан? Етістікке айналдыр. Қандай етістік жасадың?

ІІІ. Негізгі бөлім:
1. Кіріспе:
- Дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді жазайық.
- Енді тақтаға назар аударайық.
- Берілген сөздерді топтап көр. Мағынасын түсіндір. Ол сөздердің айырмашылығын айт. (Активстудио: Шашылып жатқан сөздерді жұптап төмендегі жаттығу жұмысын орындайды)
ЖҮЗ – ЖҮЗБЕ
КҮЛ – КҮЛМЕ
ТӨК – ТӨКПЕ
ЖАЗ – ЖАЗБА
БАР – БАРМА
ТАҚ – ТАҚПА
- Қосымшалы етістіктерді талда. Көшіріп жаз.
ЕРЕЖЕ ШЫҒАРУ, ЖАТТАУ:
Есіңе сақта!
Етістік болымды және болымсыз болып бөлінеді. Болымсыз етістік болымды етістікке - ма, - ме, - ба, - бе, - па, - пе жұрнақтары жалғану арқылы жасалады:
ерінбе, бұзба, жұлма.
2. Оқулықпен жұмыс.
29 - жаттығу
- Сөйлемдерді көшіріп жаз.
- Болымсыз етістіктерді тап. Олардың қалай жасалғанын айт.
30 - жаттығу
- Мына етістіктерден болымсыз етістік жаса.
Ал, аш, жап, сөйле, шақыр, тарт, үз, үрле, кес.
- Болымсыз етістік жасау үшін қандай жұрнақ пайдаландың?
3. Сергіту.
4. Оқулықпен жұмыс:
Өздік жұмыс: (31 - жаттығу)
- Мақалдар құра, жатқа жаз:
1. Атаңның баласы болма,
Адамның баласы бол.
2. Киіміңе мақтанба,
Біліміңе мақтан.
- Болымсыз етістіктердің астын сыз.
- Мақалдардың мәнін түсіндір.
32 - жаттығу
- Тыйым сөздерді оқы. Етістіктерді тауып, олардың болымды, болымсыз екенін айт.
33 - жаттығу
- Қазақ тілінде тәуелдеудің қандай түрі, неше жағы болады?
- Асықпа болымсыз етістігін тәуелдеп жаз:
Мен асықпадым ------------------- Мен асықпаймын
Сен асықпадың --------------------- Сен асықпайсың
Сіз асықпадыңыз ------------------- Сіз асықпайсыз
Ол асықпады ------------------------ Ол асықпайды
- Жонба, тиме деген болымсыз етістіктерді осы үлгі бойынша өзгертіп айт.

ІV. Қорытынды:
А) Сөздің әрбір дыбысынан сөз тудыру:
Мысалы: Әсет қандай оқушы?
Ә - әзілқой, әдепті, әділ;
С - сезімтал, сымбатты, сыйлы;
Е - еңбекқор, епті;
Т - төзімді, тәрбиелі, тиянақты, томпақ;
Оқушы не істеді?
О - ойланды, оқыды, отырды;
Қ - қуанды, қозғалды;
У - уайымдады;
Ш - шынықты, шимайлады;
Ы - ынталанды, ысқырды, ынта қойды.
Ә) Болымды, болымсыз етістік дегеніміз не? Берілген сөздерді топта. Футбол ойыны бойынша керек сөздерді қағып алу.

V. Үйге тапсырма:
34 - жаттығу
- Ребустың шешуіндегі сөз болымсыз етістік бола ала ма?
VІ. Бағалау.


Скачать


zharar.kz