Бір - біріне тілек айту

Скачать

Қатаң норма
Қазақ тілі 10 - сынып
Жалпы мақсаты: оқырмандарды халқымыздың бай тілдік мұраларымен танымдық, тағылымдық, прагматикалық, этимологиялық, тіл мәдениеті тұрғысынан таныстыру. Тілдік жүйе заңдылықтарын түсіндіру, соған сәйкес оқырмандарға қолданыста қиындық келтіріп жүрген түйінді тұстарда лингвистикалық жәрдем беру, оқу сауаттылығын арттыру.
7 модульдің қолданылуы Білім берудегі басқару және көшбасшылық , Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау , Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
Оқыту нәтижесі: Тілдік жүйе заңдылықтарын түсінеді
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: түсіндіру, жаттығу жұмысы
Қолданылатын ресурстар: оқулық, тақта, бор және үлестірмелі кеспе қағаздары.

1 кезең
Ұйымдастыру
Үй тапсырмасын тексеру
Көңіл күй ахуалы тренинг. Бір - біріне тілек айту.
Үй тапсырмасын қосымша сұрақтар арқылы тексеремін.

2 кезең
Мағынаны тану
Қатаң норма - тілдің заңдастырылған нормаларымен бекітілген, тілдегі әр тірлі нұсқада айтылатын сөздерді бірізділікке, бір арнаға түсіретін қазақ тілінің тілдік нормасы. Қатаң норма тіл жүйесімен бұлжымас бірлікте болады. Тіл заңдылықтарын жете білетін адамға бұл еш қиындық тудырмайды. Тілде белгілі бір сөзді әр жерде әрқалай айтуы мүмкін. Осы жерде қай сөзді дұрыс қолдануды айғақтап беру үшін қатаң норма енгізілген. Мысалға, қазақ тілінде бұйрық райдың екінші жағындағы етістікті үш түрлі айтады: сен бар, сен барғың, сен барың. Қазіргі қатаң нормаға сәйкес аталмыш үш нұсқаның біріншісі, яғни сен бар нұсқасы айтылып жүр. Ал сен барғын, сен барың үлгілері диалектілерге жатады. Үш нұсқаның жанына жақын тартқанын таңдап алу сөйлеушінің ырқында болмайды. Тіл тәжірибесінде сыннан өтіп, жұртшылық таныған түрін ғана сөйлеуші қарым - қатынас мақсатында қолдана алады. Бұл - қатаң норманың грамматикалық мысалы. Қатаң нормалардың түрі фонетика, лексика саласында да кездеседі.

Маңғыстау облысы,
Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебі
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Матниязова Айнур Талгатовна


Скачать


zharar.kz