5 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Өзбек музыка өнері
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды өзбек халықтарының музыкасымен таныстыру.
2. Әлем халықтарының музыкасына деген қызығушылықтарын арттыру.
3. Эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Көрнекіліктер: аспаптардың суреті, кесте, үнтаспа, клавиш.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу
Оқушыларды түгендеу
Сабақ мақсатымен таныстыру
ІІ. Өткенді қайталау
Кім көп біледі? тапсырма.
Қалташалардағы сұрақтарды ала отырып жауап беру.
1) Қырғыздың музыкалық аспаптарын ата.(қомыз, қыл қияқ, жығаш, ооз қомыз, темір қомыз, гоор, сырнай, керней, добулпаз, доол)
2) Қырғыз халық аспаптары неше дауысты болып келеді? (2 - 3 дауысты)
3) Қырғыз халық музыкасын насихаттаушылары кімдер? (ақындар, жыршы термешілер, манасшылар)
4) Қырғыздың вокалдық шығармашылығында кең өріс алған орындаушылық өнерді ата. (жалғыз дауысты жеке орындаушылық)
5) Қазақтың сыбызғысына ұқсас қырғыздардың аспабын атаңыз (гоор)
6) Қазақша домбыра аталатын қыздардың аспабын ата (қомыс)
ІІІ. Жаңа сабақ
Өзбектің негізгі халық музыкалық аспаптары мыналар:
Ысқышпен ойналатын аспаптар
гиджак, сато, сетор;
Шертіп тартатын ішекті аспаптар
дутар, танбур, ур, рубаб
Ұрмалы ішекті аспаптар
чанг
Үрмелі аспаптар
сибизик, буламан, сурнай, қошнай, гаджир, карнай
Ұрмалы аспаптар
дойра, нагора, сафаиль
Өзбек халқында Шығыс халықтарының көпшілігіндегі тәрізді халықтық фольклордың үлкен екі тармағы бар. Оның бірі – халық шығармашылығы және ауызша дәстүрлері өнер – макомдар (қазақша – мақамдар). Өзбек ән жанрындағы салалар – терма (қазақша – терме), қошук, лапар, ялла, ашула.
ІҮ. Музыка тыңдау (өзбекше музыка тыңдату)
Ү. Саз сауаты
Аспаптық музыка дегеніміз - жеке музыка аспаптары – фортепиано, скрипка, виолончель, кларнет, домбыра, қобыз, гармонь, мондолиноға арналып жазылатын концерт, варияция, фантазия, этюд, полонез, күй немесе вальс, полька, мазурка сияқты би музыкаларын айтамыз.
ҮІ. Вокалдық жаттығулар
ҮІІ. Ән жаттау Жылқышы әні қырғыз әні
ҮІІІ. Рефлексия
- Бүгінгі сабақта не үйрендік?
- Ерекше ұнағаны не?
- Сабақ қандай көңіл - күйде өтті?
ІХ. Қорытынды
Бағалау
Х. Үй тапсырмасы. Өзбек музыка өнері жайлы ақпаратты оқу, ән жаттау