Алматы облысы,
Талғар ауданы, Нұра ауылы,
№12 ЖЖБ мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Байдилдаева Макпал Шамгалиевна
Тақырыбы: Бірдей санды біртіндеп азайту
Математика 2 - сынып
Сабақтың мақсаты:
1. Бірдей азайғыштардың айырмасын табудың мән – мағынасын ашу және сәйкес терминдерді игеруге оқушыларды машықтандыру. Теңдеуді шешуге машықтандыра түсу.
2. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, есте сақтау, танымдық қабілеттерін арттыру. Кестелік қосу және азайту дағдыларын қалыптастыру.
3. Тазалыққа, ұқыптылыққа, білімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, көрнекілік, ойын, т. б.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Көрнекілігі: Суреттер, кеспе сандар, қима қағаздар, үлестірмелі матер. геометриялық фигуралар, интерактивті тақта т. б.
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық.
- Сабаққа назарларын аудару;
Шырылдады қоңырау
Біз сабақты бастадық
Партамызға отырып
Өзара көз тастаймыз
Табыс тілеп көзбенен
Жаңа білім алуға
Алға қадам аттаймыз
Көптен күткен қоңырау
Соғылды сабақ басталды
Тексерейік түгендеп
Дәптер, қалам, кітапты
Сабағымыз басталсын
Пайдасы оның көп болсын!
Қызығушылығын ояту:
- Балалар, қазір бізде математика сабағы. Бүгінгі сабаққа қонақтар келіп отыр. Бұл сабақ ерекше. Сондықтан күш жігерімізді, білімімізді көрсетейік. Сендерге сәттілік тілеймін.
Шанамен зырлап желетін,
Шаңғы, коньки тебетін,
Аққала жасап ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың? (Қыс)
- Балалар қазір жылдың қандай мезгілі екен?
- Бүгін қай күн?
- Қыстың нешінші айы?
- Қыстың басқа жыл мезгілдеріне ұқсамайтын қандай ерекшеліктерін айтар едіңдер?
Оқушылар қыс мезгілі туралы тақпақтарын айтып жібереді.
Қыс
Қыс келді, қыс иықтап,
Қалды аюлар ұйықтап.
Қыс келді, қыс мұз қарлы,
Қыраулы да ызғарлы.
Қыс келді, қыс боранды,
Қырат көрпе оранды.
- Міне балалар, осы қыстың суығында біздің сабағымызға қарақшы келіпті, көптеген тапсырмалар әкеліпті. Егер біз қарақшының тапсырмаларын орындай алмасақ, жер бетінде мәңгі қыс болады.
Қарақшының әкелген сандықшасы бар екен. Сандықшаны ашып, ішінде не бар екенін білу үшін мына жұмбақты шешейік.
Жұмбақ
Мамықтай ақ,
Қанттай аппақ.
Қыста жер бетін басады,
Жазда сайға қашады. (Қар)
Қыстың ең алғашқы белгісі қардың жаууы екен.
Қар түйіршіктері тапсырмалары.
1. Ауызша есептеу. Салыстыру
15* 59
45* 51
67 * 72
43* 18
54* 78
98 * 45
11*23
34* 57
76*34
2. Мына сандар қатарын қалпына келтір. Өсу ретімен жазып көр.
54 45 25 69 23 78 96 12
Дәптермен жұмыс.
Енді балалар дәптерді ашып күн ретін жазып жіберейік. Дәптерге математикалық диктант орындап жіберейік
3. Математикалық диктант
45+15=60
65 - 15=50
37+20=57
90 - 35=55
76+23=99
78 - 34=44
20 - 18=2
54+34=88
50+50=100
Жаңа сабақ.
- Бізде неше қапсырма бар?
- Төрт қапсырмадан неше бешпетке тігіледі?
Оқулықпен жұмыс.
№1 а) 8 – 4 – 4=0
№2. 6 – 2 – 2 – 2=0