Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жіктелуі
Жалпы мақсаты
Жіктік жалғауының семантикалық сипатын анықтай отырып, зат есімдердің барлығына жіктік жалғаудың жалғанбайтынына көз жеткізу, қосымшаларын сауатты жалғап үйрену.
Оқу нәтижесі:
Жіктік жалғауларының семантикалық сипатын анықтайды, арнайы тапсырмалар нәтижесінде зат есімдерге жалғауларды дұрыс жалғайды.
Міндеттер: Алған білімін өмірде пайдалану, өздігінен шешім қабылдай отырып жұмыс істеуге, тапсырманы ұқыпты орындай білу: өз бетінше іздене білу.
Модуль: Білім беруде АКТ - ны пайдалану, Білім берудегі басқару және көшбасшылық , Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау , Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету , Талантты және дарынды балаларды оқыту .
Қолданылатын әдіс – тәсілдер мен стратегиялар: Сергіту сәті Джунглиде жаңбыр
Серпілген сауалдар стратегиясы, Ала доп әдісі бойынша стратегиясы, Әлемді шарлау әдісі стратегиясы, . Еркін жазу әдісі стратегиясы,, Ала қалпақ әдісі, Рефлексия: Оқушының көзқарасын анықтау мақсатында кесте толтыру, Өзара бағалау кестесін толтыру.,
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:
І. Кіріспе бөлім. 5 минут Көңіл күй ахуалы. Джунглиде жаңбыр
Нұсқау; - Бір - біріңіздің соңынан шеңбер жасап тұрыңыздар. Джунглиде жүрміз деп елестетіңіздер. Ауа райы өте тамаша, күн жарқырап, ыстық және қапырық болып тұр. Бір уақытта самал жел соқты, (алдыңызда тұрған адамның арқасына жұғысып жеңіл қимылдар жасаңыз).
Жел көтеріліп желкіді ( арқаны қаттырақ басамыз).
Қатты дауыл соқты (қимылдарыңыз күшейіп шеңбер бойында жүргізіледі)
Ұсақ жаңбыр сіркіреді (серіктесіңіздің арқасын саусағыңызбен басасыз)
Кенет нөсер жауын құйды (алақандарыңызбен жоғарыдан төмен қимылдар жасаңыздар).
Бұршақ жауды (арқаны қаттырақ соғамыз).
Тағы да нөсер жауын жауды.
Ұсақ жаңбыр сіркіреді.
Дауыл соқты.
Жел соқты.
Жел басылып келеді.
ІІ. Түрлі түсті шариктер арқылы 3 топқа бөлу.
ІІІ. Өткен сабақты қайталау. 7 минут. Ала доп әдісі бойынша үй тапсырмасын қайталау. Тәуелденген мына сөздерді: әжем, әжесі, әжең, әжеңіз. септеуді тексеру(жазбаша жұмыстарын)
Мұғалім іс - әрекеті
IV. Миға шабуыл. 5 минут Серпілген сауалдар: стратегиясы. Кез келген топ мүшесіне сауалдар қояды.
1. Жалғаулардың түрлерін ата? (көптік, септік, жіктік)
2. Көптік жалғаудың қосымшалар қандай? (- лар,- лер;- дар,- дер;- тар,- тер)
3. Жинақтық мәндегі көптік жалғаулы сөз дегеніміз қандай сөздер?(бір заттың төңірегіндегі заттардың көптігін Жансеріктер т. с. с.)
4. Тәуелдік жалғаудың неше түрі бар?(Оңаша және ортақ тәуелдеулер)
5. Оңаша тәуелдеу мен ортақ тәуелдеудің айырмашылығы қандай? (1. Заттың иесі біреу, 2. Заттың иесі бірнешеу)
6. Септік жалғаулар нешеу, қай септікте қосымша жоқ. (Жетеу, Атау септікте)
7. Бағытты нұсқайтын септіктің түрін ата? (Барыс септігі)
8. Мезгіл, мен мекендік мағынаны білдіретін септік түрін ата? (Жатыс септігі)
9. Жай септеу мен тәуелді септеудің айырмашылықтарын ата? (Жай септеуде – түбір күйіндегі зат есімдер, Тәуелді септеуде ең бірінші тәуелденіп, сосын септеледі!
10. Қай септіктерде тәуелді септеуде қосымшаларында өзгерістер бар? (Барыста – а,- е; Табыста – н, Жатыста - нда,- нде)
11. Нысанды көрсететін септікті ата? (Табыс септік)
12. Затты меншіктейтін септіктің атауы қандай? (Ілік септігі