Ескен Елубаевтың өлеңі
Бұл күнде нұрлы аспаны
Көрсең ғой көркем қаланы!
Туған ел тойын бастады,
Басталды майдың парады!
Желбіреп тулар сан қилы,
Шалқыды көкке от өріп.
Самсаған шарлар қалқиды,
Кетердей жерді көтеріп.
Көктемнің күміс жаңбыры
Тазалап кеткен көшеде
Шырқалды бақыт ән – жыры,
Төгілді күйлер нешеме.
Көшені кернеп барады,
Еңбек пен теңдік, туыстық.
Қабылдап тұрды парадты
Бейбітшілік пен
Тыныштық!
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Боранқұл орта мектебі
Маханұлы Қуаныш
Мұғалімі: Мендигазиева Гүлжихан
Ескен Елубаевтың басқа өлеңдері