Әдебиеттік оқу 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Айбатыр Сейтақ Қазақстан таулары
Сабақтың мақсаты: Ел, жер тау – тасын білу арқылы әсемдікті түсіндіру.
Білімділігі: Іздену, талдау, білім көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік жасау отырып, мәнерлеп оқуға, жазуға дағдыландыру.
Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу тілдерін жетілдіру, сөздік қорларын молайту.
Тәрбиелігі: Отан сүйгіштікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу, эстетикалық, экологиялық көзқарасын қалыптастыру.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Әдіс – тәсілі: топтық, түсіндіру, сұрақ – жауап
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының физикалық картасы, интерактивті тақта, тау туралы әндерден үзінді
Пәнаралық байланыс: дүниетану, музыка
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Тыңдаңыздар қыздар!
Тыңдаңыздар ұлдар!
Қолымызды созайық,
Алақанды ашайық
Қанекей кім 5 алудан қашпаймыз
Ендеше үй тапсырмасына жауап беруді бастаймыз.
Оқушыларды тау биіктігіне қарай бағалау әдісімен таныстыру. Бекет, Белес, Асу, Шың.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Сәбит Мұқанов Есіл шығармасын мазмұндау. 4 топтан төрт оқушы шығып мазмұндайды.
І топ - Шілдеде Есіл өлкесінің желі баяу еседі........
ІІ топ - Желге, күнге көрінбей, жасыл шалғынның........
ІІІ топ – Тоғай да бұл кезде кемеліне келіп, толықсып тұрады.....
ІҮ топ – Бұл кезде Есіл сабасына сарқылып, ағар арнасымен моп – момақан болып жылжиды да жатады......
Сәйкестендіру Есіл өзенінің өсімдіктері мен құстарын сипатына қарай сәйкестендіру.
Үй тапсырмасын қорыту сұрақтары.
1. С. Мұқанов кім, қай жерде дүниеге келген?
- Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы қазіргі С. Мұқанов ауылында дүниеге келген.
2. Есіл тақырыбында жылдың қай мезгілі суреттелген?
- Жаз мезгілі
3. Жазушы Есіл өзенінің көркемдігін қалай суреттеген?
4. С. Мұқановтың қандай шығармалары бар?
- Сұлушаш , Адасқандар , Өмір мектебі , Аққан жұлдыз .
ІІІ. Жаңа сабақ
Ой қозғау
Нұрғали Нүсіпжановтың Алатау өлеңін тыңдатып оқушылардан ән не жайында екенін сұрау. Оқушылардың жауаптары тыңдалады.
- Оқушылар
He сыйласын, несін берсін ел маған?!
Тұрсақ екен елім де аман, мен де аман.
Таулар - менің таусылмайтын бақытым,
Ал ырысым - ұланғайыр кең далам, - деп ақиық ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың өлең жолдарымен бастағалы отырмын. Себебі бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да біздің еліміз – жерімізге көрік беріп тұрған таулар жайында болмақ. Айбатыр Сейтақ Қазақстан таулары . (оқушылар дәптерлеріне сабақ тақырыбын жазады)
Автор туралы мәлімет беру. (интерактивті тақтадан көрсетіледі)
Айбатыр Самиғоллаұлы Сейтақ 1966 жылы 28 ақпанда Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Орда ауылында дүниеге келді. 1989 – 1997 жылдары Орал және Қостанай облыстық телерадиокомпанияларында теледидар редакторы болып жұмыс істеген. Сарыарқа журналы бас редакторының орынбасары, Жас Алаш газетінің Астана қаласындағы меншікті тілшісі, ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі қызметтерін атқарған.
Өткізген: Есмұханова Т. Д
Айбатыр Сейтақ Қазақстан таулары . жүктеу