Бағалау сәті

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Атақты математик ғалымдар

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Атақты математик ғалымдар өміріне шолу арқылы олардың еңбектерін білу. Күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, математикадан алған білімдерін тереңдету;
Дамытушылық: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру;
Тәрбиелік: шапшаңдыққа, сабырлылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Компьютерді пайдаланып тапсырмалар экраннан көрсетіледі.

Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Негізгі бөлім:
1) Жалпы сұрақтар
2) Арнайы сұрақтар
3) Сергіту сәті
4) Формулаларды еске түсіру
5) Тіл өнері
6) Бағалау
ІІІ. Қорытынды. Рефлексия

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Сіздер бүгін 9 сыныбында өткелі отырған Атақты математик ғалымдар атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Сонымен сайысымызды бастамас бұрын бірінші оқушыларды екі топқа бөліп танысайық.
Топқа бөлу үшін Абай атамыздың мына өлең жолдарын қолданайық:
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын біле тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.- дей келе осы өлең жолдарын қолдана отырып оқушыларды екі топқа бөлеміз.
Енді топтарға ат берейік: Пифагор , Архимед
Енді танысуымызды бастайық:
Мен Қаламқас Сейткалиевна – көңілді, сен мысалы Қайрат - ақылды деген сияқты.
Абай атамыз айтқандай Махаббатсыз дүние бос, хайуанға оны қосыңдар дегендей өмір бір - біріне деген сүйіспеншілікпен махаббаттан құралған болса, бұл өмірде математиканың алатын орны ерекше. Себебі математика пәні барлық ғылымдар мен байланысты. Математика пәні физика, химия, биология,, музыка да, дінмен де тығыз байланысты де тіпті “Ақын жанды болмаған адам математик те бола алмайды (С. В. Ковалевская) айтқандай немесе
“Жақсы шығарма жазу үшін творчестволық қиял қандай керек болса, геометрия есептерін шығару үшін сондай қиял керек” (А. С. Пушкин) айтып өткендей ақыл - ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан оны оқу керек, білу керек. Осынау түпсіз тұңғыйық математика әлемінің қыр – сырын ашу үшін көптеген ғалымдар барлық өмірлерін өткізген. Ғалымдар бұл қиын да қызықты ғылымды тек қана зерттеп біліп қана қоймай сонымен қатар өздерінің бойындағы басқа да қасиеттерінің дамығандығын сезінген. Кез келген математик ғалымды алсаңыздар олар не ақын, не жазушы, не физик сияқты өздерінің қабілеттерін осы математика ғылымдарын зерттеу арқылы аша білген екен.
1 - 5 слайд

ІІ. Негізгі бөлім:
1) Жалпы сұрақтар қойылады.
1 – сұрақ Санның квадраты деп нешінші дәрежені айтады?(2)
2 - сұрақ Диаметр дегеніміз не? (шеңбердің кез келген екі шетін қосатын кесінді)
3 – сұрақ. “Алгебра” деген сөз қандай сөзден шыққан? (“ал - джебр” - қалпына келтіру)
4 - сұрақ Қандай сандар 5 - ке бөлінеді ( 0 мен және 5 аяқталатын сандар)
5 - сұрақ Дискриминант қандай сөзден шыққан(ажырату, анықтау )
6 - сұрақ Пифагор теоремасы

2) Арнайы сұрақтар
6 слайд1 – сұрақ Математикаға Алгебра атауын кім енгізді?
7 слайд Суреті. Жауабы: (Омар Хаям).
8 слайд 2 - сұрақ Үш қабырғасы бойынша үшбұрыштың ауданын есептейтін формуланы ұсынған ежелгі грек оқымыстысы.
9Суреті. Жауабы: (Герон)
10слайд. 3 - сұрақ Жазықтықта координаттар жүйесін енгізген ғалым
11слайд Суреті. Жауабы: (Рене Декарт француз ғалымы)
12 слайд 4 - сұрақ. Бірде француздардың қолдарына испан әскери қолбасшысының белгісіз жазумен жазылған бұйрығы түскен. Бұл шифрді шешу үшін шақырылған математик оның оқитын жолын тапқан. Сол кезден бастап француздар испандықтардың жоспарын алдын ала біліп отырған. Осы математикті шайтанның көмегімен оқиды деп, оны тірідей өртенсін деп үкім шығарған. Бірақ бұл үкімнен математик қашып құтылған.
Өз қаласында ол алдыңғы қатарлы адвокат, кейінен корольдің оң қолы болған. оның өміріндегі ең басты нәрсе математика болған. Ол бірнеше күндер ұйықтамай математика лық есептер шығарған екен.
Тірідей өртке жазаланған бұл қай математик?
13 слайд сурет (Виет)
14 слайд. 5 - сұрақ Отырардан шыққан ұлы ойшыл, данышпан, ғалым, математик. Аристотельден кейінгі Екінші ұстаз атанған ғалым
15слайд суреті (Әл - Фараби)
16слайд 6 - сұрақ Миллион ұғымын алғаш қазақ жеріне таратқан кім?
17 слайд суреті Ы. Алтынсарин 1879 жылы Орынбор қаласында

3) Сергіту сәті

4) Формулаларды еске түсіру ( командаларға білетін формулаларын жазу)

5) Бір - бірлерінің қателіктерін тексеру.

6) Ұлылардың ұрпағымыз кешегі
Ой қалдырған, сөз қалдырған еселі дегендей
Тіл өнері сайысына қатысып, мақал - мәтелдердің жауабын үш тілде айту керек.
1 ------ теңгең болғанша,--------- досың болсын (жүз – сто -) handrent)
2 -------- тістен шыққан сөз ----- рулы елге тарайды (отыз - тридцать - soti)
3 ------- жылда, ел жаңа (елу - пятьдесят - fifti)
4 ------- атаңды білмесең, жетесіз болып өсесің (жеті – семь - seven -)
5 Білекті ---- жығады, білімді мыңды жығады (бір - один - опе ) sousant)
6 Соқырдың тілегені ---- көз (екі - два - ту)
7 Жігітке жеті өнерде аз,----- өнер көп емес (жетпіс - семьдесять - seventy)

7) Бағалау сәті. Берілген бағалау парақтары бойынша оқушылар өздерін бағалайды. Содан кейін мұғалім оларды бағалау керек.(жеке оқушыға және топқа баға беру)
Рефлексия:
БҮБ стратегиясы бойынша:
Білдім:
Үйрендім:
Білгім келеді:

Бағалау парағы


Скачать


zharar.kz