Жаңа заман талабы жеке тұлғаны дамыту мен танымдық ауқымын кеңейту деңгейінде әр түрлі технологияларды және әдістерді қолдануды қажет етеді. Бастауыш сынып сатысында бала педагогикалық экологияны сактаған, жағымды микроахуалда, табысқа жетуін қамтамасыз ететін жағдайда тәрбиеленгені жөн.
Психологияны оку-тәрбие үрдісіндегі рөлінен бөлек алып қарастыруға болмайды. Оқудың бала дамуындағы рөлі Л.С Выготский, А.Н.Леонтьевтің, еңбектерінде баланың окуы мен тәрбиесінің жалпы жолдарының жүйесі анықталған. Бүгінгі танда оқу бағдарламаларында өзіндік психологиялық үрдістері мен механизмдерді қалыптастыруы арнайы мәселе ретінде қарастырылмайды.
Психолгия ғылымынын докторы Н.И Непомнящая зерттеулерінде окытудың "жақсы"'деген көрсеткіші өздігінен болмайтынын психологиялық білімнің кажеттілігін қарастырды. Керісінше, оқытудың табысты деңгейі баланың психологиялық және даму ерекшелігінің механизмдері мен танымдық қабілеттілігін ескергенде ғана жақсы көрсеткішке жетуге болады. Оқу үрдісінде психологиялық механизмнің рөлін және қалыптасуын бағдарламаға ендіру –педагогикалық психологияның басты міндеті. Танымдық қабілеттілікті дамыту мүмкіндігін Дружининнің пайымдауынша ортаның әсері және тұқым қуалаушылық екі бағдарлама қарама-қарсы
қарастырылды. Тұқымқуалаушылық 50% үлес алса. 30 % ортаның әсерімен, ал 20% генетика мен ортаның әсеріне тиесілі екен (В.Н Дружининнің Қолданбалы психология 1998. 30 -бет).
Дамыту бағдарламаларын қолдана отырып, ақыл-ой қызметінің ауқымын кеңейтуге, қарым-қатынаста интеллектіні дамытуға генетика мен ортаның үлесі жеткілікті.
Оқушының қабілеттілігінің дамуы белсенді еңбек пен оқу үрдісінде игеріледі.
Қабілеттіліктің дамуы жеке тұлға болып дамуға колайлы әсер етеді.
Сондықтан психология сабақтары шығармашылыққа толы, қызық болып өтуі тиіс. Нәтижелі сабақтың көрінісі төмендегі ұстанымдарды сақтағанда туындайды.
- қарапайымнам күрделіге ұстанымы;
- көрнекті әрі түсінікті ұстанымы;
- кері байланыс ұстанымы.
Осы және басқа да ұстанымдарды жүзеге асыру шығармашылық ойлауды, қиялды, сөйлеуді, дамытуға. «Мен» -тұжырымын қалыптастыруға, қарым-қатынас және мінез-құлық дағдыларын жетілдіруге, танымдық белсенділікті арттыруға жол ашады.
Сабақ аптасына екі рет 20-30 минуттан өтіледі. Алғашқы сабақтар танымдық үрдістерді анықтауға бағытталады.
Бала - шығармашылықтың қайнар көзі.
Табигаттың берген сыйы. Ендеше, осы мүмкіндікті пайдаланып, балалардың шығармашылыгын, белсенділігін білуге құмарлығын арттыру.
Сабак үлгісі
Топта 8-10 адам. Ұзақтығы: 1 блок 60 сағатка есептелген, 1 күнде 3 сағаттан 4 апта, дүйсенбіден жұмаға дейін, 1 ай бойы, барлығы 20 сабақ.
Сабакты өткізу формасы: психологиялык тренингтер.
Мақсаты: оқу процесі аяқталғаннан кейін психо-эмоционалдық қысымды түсіру және әр баланың жекелік ерекшелігін ескеріп, жаңа оқу жылына психологиялық дайындық жасау.
Міндеттері:Оқудың табысты болуына қажетті таным процестерін дамыту (зейін,ес, ойлау, қабылдау, қиял және т.б.);
Шығармашылықты дамыту;
Әлеуметтік белсенділікті және қарым-қатынас дағдысын дамыту;
Эмоционалдық аймақты түзету және невроздың алдын алу;
Көшбасшылық сананы қалыптастыру және мәселені өз бетінше
шеше алуға үйрету; Сенімді мінез – құлық дағдыларын қалыптастыру және топта жұмыс істей алу шеберлігі;
Өзін көрсете алу және өзіндік баға тептеңдігін қалыптастыру.
Жүргізілетін тренигтердің кестесі.
1 блок №1 сабақ
Р/с Іс-әрекет түрі Материалдар Уақыт
1 Танысу."Қуаныш шеңбері" 5мин
2 Ойын. "Сүйікті пәндер" Жіп 10мин
3 "Кішкентай қоңыз" 1Омин
4 Жаттығу."Сіріңкемен басқатырғыш" Сіріңке қорабы 20мин
5 Психогимнастика"Нәзік мысық" Музыка 10мин
6 Сурет.«Менің отбасым». Талқылау Қаламдар, кағаз 25мин
7 " Сөздер жұбы" 10мин
8 "Сөзбөлгіштер" 15мин
Үзіліс 20мин
9 Психогимнастика "Жануарларды бейнелеу" 10мин
10 Жаттығу"Бірдей заттарды тап" Іс-кағаздар 10мин
11 Ойын "Шатасу" 10мин
12 Босаңсу 10мин
13 " айналмақ " 5мин
14 Сабақтың нэтижесін шығару. Қоштасу 10мин
Барлығы: 3 сағат
1.Танысу. «Қуаныш шеңбері». Қатысушылар шеңбер бойына отырып өз есімдері мен сүйікті ойынын атайды. Мұнан соң көршісінің қолын қысып. үнсіз қол жылуын жібереді. Бір-бірінің көздеріне қарап, күлімсіреп, ойша жақсы көңіл-күй тілейді.
2.«Сүйікті пән» (қар үйіндісі). Балалар шеңбер бойына тұрып өз есімдерімен сүйікті пәнін атап келесі ойыншыға жіп орамын жібереді. Ол бірінші баланың есімімен суйікті пәнін атап одан кейін өз есімін айтады.
Осылай жалғаса береді. Шатасқан жіп нәтижесінде топта бірлік пен ұйымшылдық орнағандай сезіледі.
3.«Кішкентай коңыз».
Мақсаты: алғашқы сақтықпен, үрейді түсіру, топтың дербес белсенділік деңгейін анықтау.
Ойынның жүргізілуі: балалар жүргізушінің артына сапка тұрады. Жүргізуші топқа арқасымен қарап, қолтығының астынан алақанын ашық күйінде қалдырады. Жүргізуші балалардың қайсысының оның қолына тигенін табу керек (бет келбеті, қозғалысы). Жүргізуші дұрыс тапқанша жүргізеді.
4.«Сірінкелермен бас катырғыш».
Мақсаты: бейнелі ойлауды жаттықтыру. Жаттығудың жүргізу жолы: тапсырма әртүрлі болуы мүмкін. Белгілі сіріңке санынан берілген тапсырманы, сөзді немесе санды құрастыру. Ойын ережесі бойынша сіріңкелер шешім дайын болғанда ғана жайып көрсетіледі. Шешім шығару барысында мұны жасап көруге болмайды. Шешімді тек ойша іздеу қажет.
А) екі сіріңкені сындырмай қалай 10 санын жасауға болады;
Б) үстелде көлденең жатқан 5 сіріңкеге тағы 4 сіріңке қосып 3 шығарыңыз;
В) үш сіріңкені сындырмай, 6 шығаруға болады ма?
5.Психогимнастика « нәзік марғау».
Балалар қайырымды содан кейін ашулы мысықты бейнелейді.
6.«Менің отбасым» суреті.
7.«Сөздер жубы».
Мақсаты: есті дамыту.
Жаттығудың жүргізілуі: жұп сөздердің екіншісін есте сақтау: мысық-сүт, бөлке-май, бала-машина, қыс-сырғанақ, үстел-пирог, тіс-щетке, өзен-көпір.
8.«Шатастырғыш».
Мақсаты: зейіннің тұрақтылығымен шоғырлануын жаттықтыру.
Жаттығудың жүргізілуі: екі ойыншыдан тұратын екі топ кұрылады, әрбір топта кімнің бірінші нөмірлі, кімнің екінші нөмірлі екені анықталады. Бірінші ойыншылар екінші ойыншыға қарап дауыстап санай бастайды: бірі 100-ге дейінгі жұп сандарды атаса, екіншісі 99-ға дейінгі тақ санды атайды. Әрқайсысы соңғы санға қарсыласынан бұрын жетуге ұмтылады. Әрбір топтың екінші ойыншылары өз қарсыластарын мұқият тындап қателессе жетекшіге хабарлайды. Мұнан кейін екінші рольдегілер біріншілермен ауысады.
9.Психогимнастика (1..Тотықұс, 2.ақку, З.күнге қыздырынып жатқан итбалық, 4.судағы итбалық, 5. маймыл, 6.жылан)
10. «Бірдей заттарды тап».
Мақсаты: логикалық ойлауды дамыту, нысаналарды элементтері бойынша салыстырып дамытуды жетілдіру.
Жаттығудың жұргізілуі: Екі әртүрлі суретке мұкият карап алып, ондағы бірдей заттарды табу. 12 бірдей заттарды табу ұсынылады. Мұнда баланың назары ұксас заттардың көлемінің әртүрлі болуына көңіл аударылады. Бірдей заттар: кабырғадағы сурет, кұс, бантик, кесе, шам, кітап, шахмат фигурасы, сызғыш, құм сағат, алма, гүл, үстел.
10. «Шатастырмақ» ойыны.
Максаты: ойын топтық бірлікті көтеруге бағытталады.
Ойынның жүргізілуі: Санамақ арқылы жүргізуші таңдалады. Ол бөлмеден шығады, басқа балалар бір-бірінің қолдарынан ұстап шеңбер құрады. Қолдарын жіберместен олар қалауынша шатасады. Шатасу пайда болғанда, жүргізуші бөлмеге кіріп, балалардың колын ажыратпай шешеді.