Ақпараттық үдерістердің түрлі мысалдарын қарастыру

Скачать

Тақырыбы: Ақпараттық үдерістер
- Ақпараттық үдерістер түсінігін енгізу;
- Ақпараттық үдерістердің түрлі мысалдарын қарастыру;
- Ақпараттық технология түсінігін енгізу
Мұғалімнің атқаратын жұмысы:
- Ақпараттық үдеріс түсінігін анықтау;
- Қоғамдағы ақпараттық үдерістерге қатысты мысалдарды қарастыру;
- Табиғаттағы және техникалық құралдардағы ақпараттық үдерістерге қатысты мысалдарды қарастыру;
- технология түсінігін анықтау;
- ақпараттық технология түсінігін анықтау;
- ақпараттық технология құралдарын ерекшелеу

Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Жаңа сабақты түсіндіру
3. Қорытынды
4. Үй тапсырмасы

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Жаңа сабаты түсіндіру.
- ақпараттық үдеріс түсінігінің анықталуы
Мұғалім: Үдеріс сөзіне қатысты оқушылардың өз ойларын айтуын сұрау және бұл сөзді немен байланыстыратынын білу.
Оқушылар: Тамақ дайындау үдерісі, тарихи үдеріс, өзен және көл суының мұзға айналу үдерісі, емделу үдерісі.
Мұғалім: Тамақтың дайындалуы – бұл төмендегі өнімдердің қайта өндірілу үдерісі (ұн, тұз, су, ет, сәбіз, пияз, картоп) соңында айда болатын өнім (тамақ).
Құлдық дәуірден феодалдық дәуірге өту – бұл тарихи үдеріс. Бұл үдеріс қоғамның экономикалық және қоғамдық өзгерісі ретінде қарастырылады.
Өзендегі және көлдегі судың мұзға айналу - физикалық үдеріс. Ол уақыттың өзгеруіне байланысты судың жағдайының өзгеруін түсіндіреді.
Мұғалімнің оқушыларға сабақтан мәтін жаздыруы – бұл үдеріс ақпараттың ауызша түрден жазбаша түре айналуы. Бұл үдеріс кезінде жазылып отырған мәтіннің келесі өлшемдері өзгереді: көлемі, формасы, мазмұны. Бұл үдерісті ақпараттық үдеріс деп айтуға болады.


Скачать


zharar.kz