Жер күн жүйесіндегі нешінші ғаламшар

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Жердің пішіні және өлшемі
Жердің пішіні және өлшемі тақырыбын 5 - сыныпта өткенімде оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында сабаққа ойын элементтерін пайдаландым. Сабақ сайыс түрінде өтті.
Түсіндіру, әңгімелесу, ой қозғау, өткенді пысықтау негізінде өтті.

I. Жер күн жүйесіндегі нешінші ғаламшар? (Үшінші)
2. Жердің пішіні қандай? (Шар тәрізді)
3. Жер деген не? ( Ғаламшар)
4. Ғаламшармен жұлдыздың айырмашылығы қандай? (Ғаламшар салқын дене, жұлдыз жанып тұрған отты шар)

II 3 топқа сұрақтар оқылып Блиц турнир ойыны ойналады. Оқушылар жылдам, қысқаша жауап қайтарады.
1. Табиғат дегеніміз не? (Адамның тіршілік етіп отырған үйі)
2. Жұлдыз деген не? (Ғаламшар)
3. Галактика деген не? (Жек жұлдыздардың тобы)
4. Күн мен жердің орташа ара қашықтығы қанша шақырым?( 150 млн)
5. Орбита деген не?( Күнді айнала қозғалатын ғаламшардың жолы)
6. Күн жүйесіне не кіреді? (8 ғаламшар, серіктері, астероидтар кометалар, метеорлар)
7. Ғарышқа ең алғашқы жол? (1957 4 қазан)
8. Ең алғаш ғарышқа ұшқан кім? (1961жыл Ю. А Гагарин)
9. Ең алғашқы қазақ ғарышкері. (1991 жыл Тоқтар Әубәкіров)
10. Күнге ең жақын ғаламшар (меркурий)
11. Ғаламшарлар неше топқа бөлінеді? (Екі)
12. Күн дегеніміз не? (Жерге ең жақын жұлдыз)
13. Біздің галактикамыз не деп аталады? (Құс жолы)
14. Темірқазық қай бағытты көрсетеді? (Солтүстік)
15. Алғашқы үлкейткіш дүрбіні кім ойлап тапты? (1609 жылы Галилео)

III. Ой толғаныс. Топқа тапсырма
А) Жұмбақ шешу әр топқа үштен географиялық жұмбақтар беріледі
1 топ 1. Сатайын десем ауыр кілем,
Сатпайын десем тәуір кілем (жер)
2. Тұрғанымен жарық өзі,
Таусылмайтын шырақ көзі. (күн)

3. Еш тесікке тұрмайды
Ол жоқта жер құрғайды (су)
2 топ Күндіз бөлінбейді
Түнде күлімдейді (жұлдыз)
1. Орақ болып туады
Табақ болып тынады (ай)
2. Әйнектей көгілдір
Теңіздей тым мөлдір (су)

Жылт - жылт еткен
Жылғадан өткен (су)
Ол жоқ жерде
Өмір сүріп жүрмейміз (ауа)

Мекені көкте екі ару
Бірін - бірі көруге зәру (ай)

Табиғат... бесік тал
Жер тағдыры.. тағдыры (ел)

Жер отты болса,... сүтті (мал)

IV. Жаңа сабақ
Жер күн жүйесіндегі ғаламшар шамамен 4, 5 - 4, 6 млрд. жыл бұрын пайда болған. Жер бетінің 2 3 бөлігін су алып жатыр. Жер бетінің ауданы 510 млн 2. Алғашқы 1492 жылы неміс географы мартин Бехайм диаметрі 50 см болатын глобус жасады.
V. Домино ойыны ойналады.
Ойын шарты қиынды түріндегі жердің глобустағы бейнесі. Оны магнитті тақтаға әр топтан тақтаға 3 оқушыдан кезекпен шығып құрастырады.

VI. Сабақты қорыту: Сарапшылардың қорытынды сөзі. Белгілеу парағы арқылы оқушыларды бағалау.
VII. Үйге тапсырма.
9 Глобусты және картаны пайдаланып қайсы жарты шарда өмір сүріп жатқандарыңызды анықтаңдар

География пәнінің мұғалімі: Қосберегенова Нұршагүл


Скачать


zharar.kz