Сабақтың тақырыбы: Қанның ұюында тромбоциттердің рөлі
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Қан құрамы, оның формалы элементтерінің маңызы туралы білімдерін толықтыру. Қан ұюы туралы қосымша мәліметтер ізденуге қызығушылығын ояту. Мамандыққа баулу.
ә) дамытушылық: Оқушылардың қанның жасушалары туралы алған білімдерін одан әрі дамыту және дағдыларын қалыптастыру; ойлау қабілетін дамыту;
б) тәрбиелік: Оқушыларды ізденімпаздыққа, ұқыптылыққа, өз ойын еркін жеткізе білуге, достыққа тәрбиелеу. Денсаулықты сақтауға, салауатты өмір салтын ұстай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ. Жаңа сабақты хабарлау.
Сабақтың өту әдісі: Сұрақ – жауап, ауызша, сұхбаттасу, баяндау, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: проектор, экран, компьютер, үлестірме топшамалар, тест жұмысы, құлақ және көздің макеті.
Сабақтың пән аралық байланысы: химия, биология, медицина
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) сәлемдесу;
ә) оқушыларды түгендеу;
б) оқушылардың назарын сабаққа аудару.
г) психологиялық ахуал.
ғ) топқа бөлу
(Оқушылардың алдына Есту мүшесінің аттары және көру мүшесінің аттары жазылған топшама таратылады. Мүшелер бірігіп бір сезім мүшелерін құрайды. Құрылған 2 сезім мүшесі бойынша топқа бөлінеді. Әр мүшеге сипаттама береді. Және сол топқа дәрігер атауы беріледі., алған атаулары бойынша үстелдегі топ белгісі жазылған топтарына сәйкесінше жинақталып отырады).
Табыс картасы оқушыларға таратылады. Өзін бүгінгі сабақтан неше алғың келеді, сол бағаны сабақтың басында табыс картасына қоямыз. Сабақтың соңында карта бізге сендердің мақсаттарыңа жеттіңдер ме әлде жоқ па соны айтады .
І топ Лор дәрігерлері тобы ІІ топ Окулист дәрігерлері тобы
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Елбасы Жарлығымен 2015 жыл Қазақстан халқы ассамблеясы жылы болып жарияланып, бұл жыл тәуелсiздiк, еркiндiк, бiрлiк, бейбiтшiлiк пен келiсiмге арналып отыр.
Достық, татулық, бірлік - бұл елдің байлығы.
Ал ұйымшылдық, ауызбіршілік, достық – бұл сыныбымыздың байлығы.
Ал олай болса, 2 топ Шаңырақ ойынын ойнайық.
І - топ сұрақтары Лор дәрігерлері тобына:
1. Есту мүшесінің құрылысы?
(Сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақ)
2. Сыртқы құлаққа жатады?
(Құлақ қалқаны мен сыртқы есту жолы)
3. Ортаңғы құлақ қайда орналасқан және онда қандай сүйекшелер бар?
(Самай сүйегінде орналасқан және онда балғашық, төстік, үзеңгі сүйекшелері бар тар қуыс.)
4. Ішкі құлақтың орналасуы және құрылысы?
(Самай сүйегінде тереңірек орналасқан.
Ішкі құлақ есту иірімінен және вестибула аппаратынан тұрады.)
5. Есту гигиенасы дәрігер ретінде?
(Зиянды әсерлерден және инфекция енуінен сақтау керек.)
ІІ - топ сұрақтары Окулист дәрігерлері тобына:
1. Көз алмасының пішіні?
(Шар тәрізді, 2 3 бөлігі бас сүйектегі көз шарасымен қоршалады да, көз алмасының солға, оңға, жоғары және төмен қозғалысын қамтамасыз ететін көз алмасын қимылдататын бұлшық ет арқылы көз шарасына бекінеді).
2. Көз алмасы қандай қабықтардан тұрады? (Ақ қабық, тамырлы қабық, тор қабық)
3. Көздің тор қабығында жарыққа сезімтал қандай рецепторлар бар? (Құтышалар жарық пен түсті қабылдайтын рецепторлар
Таяқшалар қас қарайғандағы жарық рецепторлары орналасқан.)
4. Көрудің бұзылуы? (Жас өскен сайын көру қабілеті өзгереді. Көзбұршақ өзінің пішінін өзгерту қабілетін жоғалтады.)
5. Көзді зақымданудан сақтаудың жолы? (Көзге темекі тарту, алкоголды сусын, едәуір күшті есірткі пайдалану өте зиян.)
Диагноз қоя білеміз бе? ойыны.
Топта диагнозды талқылап, ауру түрлерін анықтайды және қандай диагноз қоюға болады. Биология пәнін таңдаған оқушыларды мамандыққа баулу мақсатында
Окулист дәрігерлері тобына:
Бірінші пациент: - Алыстан көрем, көзім жақыннан көрмейді.
Алысты көргіштік – қырақтылық
Көзбұршақ өзінің өзгерту қабілетін жоғалтады.
Шыны тәрізді денедегі су азаяды. көз алмасы қысқарады.
Жарық сәулесінің сынуы қөздің тор қабығының шегінен шығады.
Екінші пациент: - Ымыртта немесе түнде көруім күрт нашарлап кетті. Ақшам соқыр ауруы
Көдің қалыпты көруі үшін А дәрумені жетіспегенде пайда болады.
А дәруменінің көзі - бауыр, сары май, балық майы, сәбіз, қызанақ, асқабақ, тәтті қызыл бұрыш, өрік жемісінде көп кедеседі.
Тәуліктік мөлшері – 1 мг.
Үшінші пациент: - Көз қызметі нашарлап, яғни бұлдырап, таңертеңгілік ұйқыдан тұрғанда, көзім былшықтанып, ашылмайды.
Коньюнктивит ауруы
Топырақтың ішіндегі ауру тудыратын микробтар көзге түскенде пайда болады Мұндай аурулар адамның кенет көрмей қалуына апарып соғады. Алдын алу ауаның, үйдің, киімнің, сүлгінің, қол орамалдың, қолдың таза болуы қажет.
Лор дәрігерлері тобына:
Бірінші пациент: - Екі құлағымның естуі бірден емес, бірте – бірте төмендеді. Қазір екі құлағымда естімейді.
Отосклероз ауруы.
Отосклероз (грек. otos – құлақ, sklerosіs – қатаю) – екі құлақтың да есту қабілетінің төмендеуі. Әдетте дыбыс толқыны дабыл жарғағынан және есту сүйекшелерінен өтіп, есіту жүйкелерін тітіркендіреді. Ауру кезінде ортаңғы құлақты ішкі құлақпен жалғастыратын үзеңгі, төсше және балғашық сүйекшелері қозғалғыштық қабілетінен айырылады. Соның нәтижесінде дыбыс есіту жүйкелеріне жетпейді.
Қанның ұюында тромбоциттердің рөлі. жүктеу